09
Сәрсенбі,
Шілде

һижри

«Ібілістің тойына барған жоқпыз»

«Ібілістің тойына барған жоқпыз»

Ислам тарихы

Бірде Пайғамбарымыз (с.ғ.с) хұтба оқып жатып былай дейді:

– Уа, адамдар! Алла қажылықты парыз етті. Қажылық қылыңдар! Бір кісі:

– Жыл сайын ба, уа, Алланың Елшісі? - деп сұрайды. Пайғамбарымыз (с.ғ.с) үндемей қалады. Әлгі кісі үш қайтара сұрайды.

– «Иә» десем міндет болып қалады. Шамаң келгенше жаса. Менің үйреткенімді істеңдер. Сендерден алдыңғылар көп сұрап, пайғамбарларымен келіспей қалып құрдымға кеткен. Не бұйырсам, соны шама-шарқың жеткенше істе. Неден тыйсам, одан қайтыңдар! - дейді пайғамбарымыз (с.ғ.с).

Түсінікті не жауабы айтылатын нәрсені сұрай берудің қажеті – шамалы. Біреу Ібілістің әйелінің атын, біреу Жүністі жұтқан киттің түрін, біреу Адам ата жеген ағашты сұрайды. Мәселе – оны білуде емес, олардан ғибрат алуда. Осылай бірде имам Шиблиден біреу:

– Ібілістің әйелінің атын білесің бе? - деп сұрағанда:

– Тойына барған жоқпыз! - деп жауап берген екен...

материал Аслан Орақбаевтың «Компас» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: