17
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

Жақсы көретініңді айту ұялатын нәрсе ме?!

Жақсы көретініңді айту ұялатын нәрсе ме?!

Ислам тарихы

Бірде Пайғамбарымыз (с.ғ.с) Абдулла ибн Омармен отыр еді. Қастарынан бір кісі сәлемдесіп өте берді.

Ибн Омар:

– Алла Елшісі! Мен осы кісіні жақсы көремін! - деді. Пайғамбарымыз (с.ғ.с):

– Оған айттың ба?

– Жоқ.

– Бар да, оған айт! - дейді.

Ибн Омар әлгі кісінің артынан барып оны Алла үшін жақсы көретінін айтады. Ол да Ибн Омарды Алла үшін жақсы көретінін айтады.

Әдемі сезімдеріңді жасырмаңдар! Айтыңдар! Жеткізіңдер! Сүйгенді айту да ұялатын нәрсе ме?! Сезіміңді жасырып жүрме.

Ата-анаңа оларды жақсы көретініңді ұялсаң да, айта алмасаң да айт!

Аға-әпкелеріңе оларды жақсы көретініңді айтып үйренбесең де айт!

Балаларыңа оларды жақсы көретініңді айт!

«Жақсы көремін» деп айту басқалардың жүрегіне сүйіспеншілік ұялатады.

материал  Аслан Орақбайдың «Компас» кітабынан алынды,

ummet.kz 

Бөлісу: