18
Бейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Қандай кісілер үзірлі болып саналады?

Қандай кісілер үзірлі болып саналады?

Ислам тарихы

Сұрақ: Қандай кісілер үзірлі болып саналады?

Жауап: Мысалы, бір кісінің әр уақытта мұрны қанай берсе, көзінен қан аралас жас келіп тұрса, жыныс мүшесінен зәрі жиі келетін болса, сол кісі үзірлі болып саналады.

Сұрақ: Үзірлі адам намазын қалай оқиды?

Жауап: Әр намазға дәрет алады. Сол дәреті осы намаздың уақыты шыққанша бұзылмаған үкімінде болады. Келесі намаздың уақыты кіргенде қайта дәрет алады.

Сұрақ: Үзірден басқа бір себеппен дәреті бұзылса, мәселен дәретханаға барып дәрет сындырса, дәреті бұзылады ма?

Жауап: Әлбетте бұзылады. Үзірлі адамның дәретін оның үзірі ғана бұзбайды. Ал, үзірден басқа дәретті бұзатын нәрселердің бәрі бұзады.

Сұрақ: Үзірлі адамның дәреті бар уақытында келген нәжіс киіміне не денесіне тисе, нәжіс болып саналады ма?

Жауап: Сол намаз уақыты шыққанға дейін өзіне нәжіс саналмайды. Оны тазаламайақ, сол уақыт ішінде намаз оқиды. Намаз уақыты шыққаннан кейін ғана нәжіс болады. Екінші намаз оқу үшін киімін немесе денесінің нәжіс болған жерлерін жуады не болмаса киімін ауыстыру ләзім.

материал «Ғибадат исламия» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: