09
Сәрсенбі,
Шілде

һижри

Үмметтің имамдары: Имам Шафиғидің (р.а) ілім жолы

Үмметтің имамдары: Имам Шафиғидің (р.а) ілім жолы

Ислам тарихы

Әл-Хумайди (Алла одан разы болсын):

– Шафиғидің (Алла одан разы болсын) былай дегенін жеткізеді:

«Құранды аяқтаған соң мешітке кірдім де, ғұламалармен бірге мәжілістес болдым. Хадисті немесе мәселені тыңдап, жаттап алатынмын. Парақ сатып алуым үшін анамның маған беретін ештеңесі жоқ еді. Сондықтан мен жылтылдаған сүйекті көрсем, оны алып, оған жазатын едім. Егер ол толса, біздегі ескі құмыраға салатын едім» - дейді.

Әш-Шафиғи (Алла одан разы болсын) кішкене есейіп, он мен он үш жастың арасында болған кезде, оған білгендерін жазу үшін көбірек қағаз керек болды. Өзінің қағаз сатып алуға ақшасы болмады. Сондықтан ол Диуанға парақтың жазылмаған екінші бетін сұрау үшін баратын еді. Ол оның екінші бетіне жазу үшін алатын еді.

Исмағил ибн Яхя (Алла одан разы болсын) Имам Шафиғиден (Алла одан разы болсын) былай естігендігін жеткізеді: «Мен жеті жасымда Құранды жаттадым, ал он жасымда «әл-Муаттаны» жаттадым» - дейді (Таһзиб әл-Кәмәл фий Әсмә-и әр-Рижәл (24/366).

материал «Жүректерді оятушы» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: