09
Сәрсенбі,
Шілде

һижри

Рия – амалдарыңның сауабын дүниеде іздеуің

Рия – амалдарыңның сауабын дүниеде іздеуің

Ислам тарихы

Лұқман Хакім (Алла одан разы болсын) баласына былай айтқандығы риуаят етіледі:

«Рия – амалдарыңның сауабын дүниеде іздеуің, ал бір халықтың амалы ақырет үшін» (Тәфсир әл-Қуртубий (5/182).

Фудайл ибн `Иад (Алла одан разы болсын) айтты: «Адамдар үшін амалды тастау – рия (екіжүзділік), ал адамдар үшін амал жасау – ширк. Ал ықылас – Алла сені ол екеуінен сақтауы» (Китәб әл-Кәбә-ир (1-б).

Хасан әл-Басри (Алла одан разы болсын) айтты: «...тіл мен жүректің үйлеспеуі, ішкі сыр мен сыртқы әрекеттің үйлеспеуі екіжүзділіктен болып саналады». Сәһл ибн Абдулла әт-Тустари (Алла одан разы болсын) айтты: «Нәпсі үшін ықыластан қиын ештеңе жоқ. Өйткені нәпсінің ықыласта үлесі жоқ» (Жәмиғ әл-‘улум уә әл-Хикәм (1/84).

Суфян әс-Сәури (Алла одан разы болсын) айтты: «Мен өз ниетімнен асқан ауыр іспен айналысқан жоқпын. Өйткені ол менде сәт сайын өзгеріп тұрады»  (Хиляту әл-Әулия (7/62).

Ибн Хаджар (Алла одан разы болсын) айтты: «Рия – адамдар оны көрсін, иесін мақтасын деген ниетпен ғибадатты көрсету» - дейді (Фатх әл-Бари (18/336).

Имам Ғазали (Алла одан разы болсын) айтқан: «Адамдарға жақсы қасиеттерді көрсету арқылы олардың жүрегінен мәртебе іздеу, міне, сол – пенденің Аллаға құлшылығы барысындағы нәпсі қалауы» (Ихя-у ‘улум әд-дин (2/483).

Хасан әл-Басри (Алла одан разы болсын) айтты: «Рияның бастауы – мақтауға деген сүйіспеншілік» (Әл-Әулиә, ибн Әби әд-Дуниә (1/69).

материал «Жүректерді оятушы» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: