09
Сәрсенбі,
Шілде

һижри

Ақымақтық – Алланың қарғысына ұшыраған ауру

Ақымақтық – Алланың қарғысына ұшыраған ауру

Ислам тарихы

Хазіреті Иса (аләйһиссәләм):

«Ақымақтық – Алланың қарғысына ұшыраған ауру. Басқалары болса, соқырлық сияқты Алланың қаһарына ұшырамаған бәлекеттер. Бәлекеттер де аурудың бір түрі, бірақ, тек тап болған адамға ғана жанымыз ашиды. Ақымақтыққа келер болсақ, бұл да бір ауру, бірақ көбінесе, басқаларды жаралап, басқасына зиян тигізеді».

Хазіреті Мәулана былай дейді: «Пайғамбарлардыңдемдөрі тасқада әсер етеді. Олардың сөздеріне таулар да бас иеді. Бірақ, ақымақ адамға олар шашқан хикмет маржанының бір данасы да тимейді!» «Ақымақтық – Алланың бір мөрі. Оған ешкім шара таба алмайды».

«Таң самалы ақымақтығы себебінен Сәбәлықтарға өлім желі болған жоқ па?» «Ақымақ адам зерек болса да, онда жақсылық пен жамандықты, дурыс пен бурысты ажырататын қасиет болмағандықган, ақымақ болып саналады

Ей, дәруіш! Абайла, мұндай адамдардан киіктің арыстаннан қашқаны сияқты қаш! Олармен бір жерде болма!» Ақымақтардың жағдайы Хазіреті Мәулана айтқан мына төмендегі хикаядағы қараңғыда пілді көрмек болғандардың жағдайына ұқсайды: Үнділер халыққа көрсету үшін қораға бір піл қояды. Пілді көрмек болған көп адамдар дереу қораға кіріп, пілді көруге тырысты. Бірақ тас қараңғы қорада ешкім ештеңе көре алмағандықтан әрбірі пілдің әр жағын ұстап көріп, оның қандай нәрсе екендігін түсінуге тырысты. Тұмсығын ұстағандар: «Піл жұмыр мұржаға ұқсайды!» Құлағын ұстағандар: «Жоқ, қалың желкен сияқты!» Аяғына қолы тигендер: «Жо-жоқ ғажайып тіреуге ұқсайды!» Арқасын ұстағандар болса: «Бәрің қателесесіңдер, ол үстінде отыруға болатын кең бір тақ сияқты!» - десті.

Алайда, піл бәрінің айтқанындай емес еді. Ол ақымақтар «Таласты қойып, пілді жарыққа шығарып көрейік!» дегенге ақылдары жетпеді. Осылайша нақты дұрыс мәліметке жете алмады. Құран Кәрімде ақымақтық екі түрде керсетіледі. Бірінші топ - кәпірлер мен мүшриктер, Алла Тағала бұлар жайлы былай дейді: «Өйткені, олар саңырау, соқыр әрі мылқау. Сондықтан ойланып та, түсіне де алмайды». (Бақара, 171).

Әбу Жәһил, Әбу Ләһәб, Уәлид бин Мұғира және сол сияқты адамдар жүректеріне мөр басылып, саңырау, соқыр әрі мылқау болғандықтан һидайәтқа қол жеткізе алмады. Сондықтан олар: «Біз саған сенсек, Құрайыштың әйелдері бізді айыптайды!» немесе «Пайғамбарлық бізге келуі керек еді. Өйткені, біздің мал-мүлкіміз бен балаларымыз көбірек!» - деп, ақылға сыймайтын қисынсыз нәрселерді айтқан еді. Тіпті, Расулулланың (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) хақ пайғамбар екендігін ете жақсы біле түра, ақымақтықтары себебінен қырсығып, жоққа шығарды.

Және сол сияқты бос және таяз ақылмен ой-пікірлерін алға тартқан философтар бір-бірін жоққа шығарса, пайғамбарлар уахи мен иләһи қолдауға ие болғандықтан үнемі бір-бірін мақұлдап отырған. Құран Кәрімде айтылған екінші топтағы ақымақтарға келер болсақ, бұлар өздерін ақылдымыз деп, санайтындар! Дүниеуи қалаулары мен тілектері оларды ғапылдыққа жетелегендіктен, ақиқат оларға перделеніп қалған. Мұндай адамдар бір бәлекетке ұшыраған кезде ғана жартылай оянады.

материал «Бір шоқ гүл» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: