09
Сәрсенбі,
Шілде

һижри

Күнделікті 100 сүннет: Ас ішудің сүннеттері

Күнделікті 100 сүннет: Ас ішудің сүннеттері

Ислам тарихы

Біз күніне бірнеше рет ас ішеміз және көбінесе бұл – біз үшін қарапайым дағдылы әрекет. Біз асты қалай және қандай ниетпен жейтінімізге назар аудармаймыз, алайда бұл – бізге сауап пен берекет әкеле алатын ғибадаттың түрі.

Ең алдымен біздің жүрегімізде болуы тиіс нәрсе – дәл осы уақытта жер бетіндегі көптеген адамдар аштықтан зардап шегіп, тіпті нан мен су таба алмай жүргенде бізді аспен қамтамасыз еткені үшін Аллаға деген шүкіршілік.

Екіншіден – біздің асымыз халал болуы тиіс, әсіресе етіміз.

Үшіншіден – біз ғибадат жасауға және Алла Тағаланың разылығына жетуге бағытталған басқа да әрекеттерге қуат алу үшін тамақтануға ниет етуіміз керек.

Төменде біз барлығымыз күн сайын ас ішкен кезде жасай алатын бірқатар сүннеттер келтірілген:

Ас ішер алдында жерге дастарқан жаю.

Білекке дейін қол жуу.

Ас ішер алдында аяқ киімді шешу.

Жерге отырып ас ішу.

Ас ішер алдында «Бисмилләһ», «Алланың атымен бастаймын». Имам әл-Ғазали: «Айналадағы адамдарға да ескерту болу үшін бисмилләні дауыстап айтқан жөн», - деп қосады.

Асты оң қолмен ішу.

Мүмкін болса асты үш саусақпен жеу.

Тым ыстық асты ішпеу.

Асқа үрлемеу.

Асты ыдыстың өзіне ең жақын болған шетінен алу.

Егер астың бір бөлігі жерге түссе, оны көтеріп алып, үрлеп жеу.

Ас ішу кезінде барлық уақыт бойы үндемеуге болмайды.

Асты жамандамау.

Астан кейін қалған ыдысты толығымен тазалау керек.

Тазалау кезінде Алладан кешірім сұрау.

Астан кейін саусақтарыңызды жалаған жөн.

Асты ішіп болғаннан кейін дұға жасау. Мысалы: «Әлхамдулилләһи лләзи әт’амани хәзә уә разәқаниһи мин ғойри хәулин минни уә лә қууаһ». Аудармасы: «Бұған күшім де, қуатым да жетпесе де, мені осымен тамақтандырып, ризықтандырған Аллаға сансыз шүкірлер болсын».

Жерде қалған тамақты жинап кету.

Асты ішіп болғаннан кейін қол жуу.

Ауызды шаю.

материал «Күнделікті 100 сүннет» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: