30
Бейсенбі,
Сәуір

һижри

Ықылассыз ғибадат ететін адамдарға насихат

Ықылассыз ғибадат ететін адамдарға насихат

Ислам тарихы

Хазіреті Мәулана ықылассыз ғибадат еткен адамдарға:

«Ей, ғапыл! Әттең, сәжде еткен кезіңде жүзіңді шынайылықпен Хаққа бұрсаң ғой. «Ұлылардың ұлысы Раббым, әр түрлі нұқсан сипаттардан пәк» деудің мағынасын лайықты түрде білсең ғой. Тек көрініс сәждесі емес, көңіл сәждесін жасай алсаң ғой, әттең!» - дейді.

Ықылассыз ғибадаттар фәнилік ортақтар мен рухани кірге толы болады. Олай болса, ғибадаттарды тазартып, ұлы мағынаға ие қылатын сыр – ықылас. Ықылассыз жасалған амал құлға ешқандай пайда бермейді. Сондай-ақ, діннің иманнан кейінгі ең маңызды бұйрығы болған намаз құлшылығының өзін ықылас шартына бағынбай орындағандар мына аят кәримадағы қорқынышты ескертуге душар болады:

«Ол намаз оқығандарға нендей өкініш, олар намаздарын немқұрайлы және рия үшін оқиды…» (Мағун сүресі 4-6 аяттар).

Жүнәйд Бағдади (құддисә сирруһ) былай дейді: «Ықылас - амалды рухани ластықтан тазарту». Тағы бір Алла досы: «Ықыластымын деу, ықылассыздықтың бір түрі» - дейді. Өйткені, ықылас пен тақуалықта ең үлкен қауіп – мүминнің өзін тақуамын деп ойлауы.

Алла Расулы (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) бұйырады: «Дініңде ықыласты бол! Осылай істесең, аз амалдың өзі саған жеткілікті» (Хаким, Мүстәдрәк ІV, 341). «Алла Тағала сендердің түрлерің мен байлықтарыңа қарамайды! Бірақ, сендердің (ықылас пен тақуалық жағынан) жүректеріңе және амалдарыңа қарайды» (Мүслим, Бирр 34).

материал «Иманнан ихсанға» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: