07
Сенбі,
Наурыз

һижри

Тасаууф – көңіл сарайынан Алладан басқа нәрсені шығару

Тасаууф – көңіл сарайынан Алладан басқа нәрсені шығару

Ислам тарихы

Тасаууф – Хақ Тағаланың ұлылық, құдірет және сұлулығы алдында таңданушылықпен және үреймен есінен тану мас әрі көкірегі ояу болу.

Өйткені, Тасаууф – Хақ Тағаланың шексіз сырларына қайран қалу. 

Тасаууф – көңіл сарайынан Аллаһтан басқа барлық нәрсені шығару. Өйткені, Тасаууф мүминнің жүрегін Алланың ғаршы болуы деген сөз. 

Тасаууф – демде шығыс пен батысқа жету, яғни сол жерлердегі мүминдерді ойлап, олардың қуанышы мен қайғысына ортақтасу. Мұқтаждарға көмек көрсету. Және Тасаууф - барлық халықты көріп, көз қырын салу.

Тасаууф – әлемнің барлық зәррәларында Хақ Тағаланы көру. Солайша тасаууф – әлемге күн сияқты болу.

Тасаууф – жетпіс екі елдің тілін білу, яғни әркімнің халін түсіну.

Тасаууф – ақыл әлеміне Сүлеймен (патша) болу. 

Тасаууф – Хақ Тағаланың адамға жүктеген иләһи аманаты – Құран Кәрім мен оның әкелген жауапкершілігін жан-тәнімен көтеру. Тасаууф иләһи кешірімді сүйіншілейтін аяттарға арна болу. 

Тасаууф – бүкіл дүниеге «Исми-ағзаммен» ықпал ету. Және де тасаууф Құранның үкімдерін көңілде жинақтау. Яғни тірі Құран бола білу.

Тасаууф – әр ісінде Алла Тағалаға бет бұру. Және тасаууф – сопыға барлық қиыншылықтың жеңілдеуі. 

Тасаууф – көңілді Хақ Тағаланың іліміне арнау. Яғни ғайып іліміне ие болу. Осылайша тасаууф – бір тамшы сияқты болған сопының терең дарияға айналуы. 

Тасаууф – Хақ Тағаланың бар болуының алдында барлық жаратылыстың «лә (жоқ)» отына күйіп, күл болуы. 

Тасаууф – «иллә» нұрымен, яғни тазарған көңілмен Алланы бірлеп, кәміл адам болу.

Тасаууф – «Айт: Алла саған жетер!» («Рағд» сүресі 43-аят) аятымен адамдарды Хақ жолына шақыру. Және тасаууф – «Раббыңа қайт!» (Фәжр сүресі 28-аят) сөзінің шабытымен есінен тану (өз болмысынан кешу).

Тасаууф – күн сайын өлмей тұрып өлудің сырын мың рет бастан өткізіп, жүректің оянуы. Одан кейін тасаууф – әлемнің денесіне жан болу. Яғни басқа көңілдерді де тірілту. 

Тасаууф – адамның өз болмысын Хақ Тағаланың болмысының алдында жоқ ету. Сосын тасаууф – миғраж қауышуында көрініс тапқан және аятта «екі оқтан да жақын» (Нәжм сүресі 9-аят) түрінде баяндалған жақындық ішінде өзін жасыра білу.

Тасаууф – жанды сүйіктіге беріп әр түрлі фәнилік тұтқындықтан құтылу. Бұл жөнінен тасаууф – сүйіктінің жаны бола білу, яғни оның тарапынан да сүйілу. Ей, Ибраһим! 

Тасаууф – негізінде Алла Тағалаға құл болу. Сол үшін тасаууф – Хазіреті Ахмедтің (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) жолы мен дәстүрін көңілге көсем ету.

материал «Иманнан ихсанға» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: