Мен 500 000 хадистің ішінен теріп алған 5 хадиске амал еткейсің:
1. «Расында амалдар ниетке байланысты».
2. «Исламның көркемділігіне – өзіңе қатысты болмаған пайдасыз істі тастау жатады».
3. «Өзіңе қалағанды мұсылман бауырыңа қаламайынша, толық иман еткен болмайсыңдар».
4. «Ақиқатында, адал – белгілі және арам – белгілі. Ал, бұлардың арасында адамдардың көпшілігі білмейтін шүбәлі нәрселер бар. Күмәнді дүниеден аулақ болған адам – өз дінін және өз абыройын сақтайды. Ал, күмәнді дүниемен айналысқан адам – араммен де айналысады. Ол әне-міне кіріп кеткелі тұрған қойларын қорық маңында бағып жүрген шопанға ұқсайды. Расында, әр патшаның өз қорығы бар. Алла Тағаланың қорығы – адамдарға тыйым салған нәрселері. Ақиқатында, адам денесінде бір кесек ет бар, ол дұрыс болса, бүкіл дене дұрыс болады. Ол бұзылса, бүкіл дене бұзылады. Расында, ол кесек ет – жүрек».
5. «Нағыз мұсылман – өзге мұсылмандар оның тілі мен қолынан зиян көрмеген адам. Ал нағыз мүмін адамдардың жаны мен малы одан амандықта болған жан. Шынайы мұхажир – жаман әрекеттерін тастаған адам. Нағыз жауынгер – Алла үшін өз нәпсісімен күрескен адам».
материал «Имам Ағзамның өсиеттері» кітабынан алынды,
ummet.kz