Хазіреті Мәулана былай дейді:
«Алланың сүйіспеншілігі үшін ат салыс. Алла сүйіспеншілігі үшін қызмет ет. Халықтың қабылдап, қабылдамауында сенің не жұмысың бар? Бұл фәни дүние базарында сені мол табысқа жеткізетін бір тұтынушы ретінде Алла жеткілікті емес пе? Аллаһтан аларыңның қасында адамдардың беретіні неге татымақ?! Олай болса, назарың мен көңіліңді адамдардан келетін рахметтерге емес, Алладан келетін жетістіктерге бұр!» Мінеки тасаввуф жолының көңілді жеткізетін жақсылығы мен ұлылығы осы. Осы орайда Әмір Күләл Хазірет шәкірті Баһаүддин Нақшибәндқа (құддисә сирруһ) нәпсілік құмарлықтарын жою үшін айтқан мына өсиетіне назар салайықшы:
«Әлсіздерге қызмет ет. Көңілін табуға тырыс! Әлсіздерді, көңілі қалғандарды қорға! Оларға халықтан ешбір пайда түспейді. Соның өзінде олардың көбінің жүректері тыныштыққа толы. Кішіпейілділік пен бишара күйде қалып қояды. Осындай адамдарды іздеп тауып, оларға қызмет ет!»
Шах Нақшибәнд (құддисә сирруһ) тариқатты алғаш ұстанған жылдарында тәкаппарлық пен менмендіктің антонимі «еш болу-түкке тұрғысыз» екендігі сезіміне жету үшін ауру және ғаріп адамдарға, жаралы жануарларға қызмет еткен. Тіпті, адамдардың жүретін жолдарын тазалап, тұп-тура жеті жыл бойы теңдессіз қызмет еткен. Ол өзі жайлы: «Ұстазым бұйырған жолда ұзақ уақыт жұмыс істедім. Барлық қызметтерді атқардым. Мен жолдан өтіп бара жатқанымда Алланың қандай да бір жаратылысы алдында тоқтап, алдымен оның өтіп кетуін күтетін халге келдім. Бұл халім жеті жыл жалғасты. Осы қызметімнің өтеуі ретінде олардың ыңырсыған аянышты дауыстар шығарып, Хақ Тағалаға жалбарынғандарын сезетін халге келдім».
Жоғарыда айтылған мысал Жаратушысы үшін жаратылғандарға, Жаратушының сүйіспеншілігімен қарап, құштарлықпен жасалған қызметтің айқын бір көрінісі. Алла Тағала, салих мүминдер хақындағы аятында: «…Олар жақсылық жасауда бір-бірлерімен жарысады...» - («Әли Имран» сүресі 114-аят) деген.
Салих мүминдердің осы жақсылық жарысындағы ең тамаша қызмет жемісі – уақыф (қор) мекемелер». Уақыф адамдар – адамдардың ең жоғарғы сатысындағы пайғамбарлар, әулиелер және олардың тәрбиесінде кемелденген мүминдер. Олар – көңілдеріндегі иман тебіренісін төрткүл дүниеге жеткізген, тарихтың ең тамаша алтын беттерін толтырған жандар. Әлбетте, қызмет әртүрлі. Алла ризашылығы үшін жасалған еңбектің барлығы қызметке жатады. Ең маңыздысы – материалдық болсын, рухани болсын әр мүминнің қабілеті мен шамасына қарай қызмет атқаруы. Өйткені Алла Тағала әркімге қызмет ете білу қабілетін жазған. Оны жаратылысына қарай бір жұмысқа лайықты еткен және сол үшін рухани да материалдық та қажетті мүмкіндіктерді берген.
Өте ғибратты жәйт. «Уәда» қоштасу қажылығында шамамен жүз жиырма мың сахаба бар еді. Осылардан жүз мыңнан астам сахаба дүниенің түкпір түкпіріне тарап, өздерін иләһи ризашылық жолында қызметке арнаған және сол жерлерде қайтыс болған. Мәселен, Хазіреті Осман мен Аббастың (радиаллаһу анһу) ұлдарының кесенелері Самарқандта болса, тағы басқа көптеген сахабалардың қабірі Стамбулда. Мекке мен Мәдинада қалған сахабалардың көпшілігі орталықты қорғап, жергілікті қызметтерді атқарған. Халид бин Зәйд Әбу Әйюб әл-Әнсари Хазіретінің сексеннен асқан жасында қарттығына қарамастан екі рет Стамбул қамалының алдына дейін келіп, сол жерде жан тапсыруы, адамдарды һидаятқа шақырып, оларды дүние мен ақырет бақытына қауыштырудағы әлемдік қызметтерінің бірі. Қызмет ынтасы мен ақыреттегі жағдайларын құтқарып қалу күресі оларды төрткүл дүниеге таратқан.
материал «Иманнан ихсанға» кітабынан алынды,
ummet.kz