07
Сенбі,
Наурыз

һижри

«Ақылды жанның әр минуты есеппен өтуі керек»

«Ақылды жанның әр минуты есеппен өтуі керек»

Ислам тарихы

Күнделікті уақыт бөліп, күш салуымыз қажет істерді дұрыс таңдау үшін де Алла Елшісінің (с.ғ.с) өнегесіне жүгінеміз.

Оның (с.ғ.с) барлық сөздері мен ақыл-кеңестері бізге аталған жайтты анықтай түсетіні секілді санамыздағы сан сауалға жауап болатын түсіндірмелері мақсатымызды алдымызға жайып салады.

Хадистерден біз көтеріп отырған тақырыптың алғашқы иләһи діндерден бастау алған күн тәртібіндегі мәселе екендігін көре аламыз:

Алла Елшісі (с.ғ.с.) Ибраһим пайғамбарға (а.с.) түсірілген он парақта мыналар жазылғандығын жеткізген: «Ақылды жанның әр минуты есеппен өтуі керек:

• Уақытының бір бөлігін Раббысына дұға мен ғибадатқа, Оның Шеберлігі мен Құдіретін ойлауға;

• Бір бөлігін өмірінде жасағандарын есепке алуға және келешекте істейтіндерін жоспарлауға;

• Бір бөлігін адал жолмен күнкөріске, мал табуға арнауы керек.

Бұл соңғы бөлігіндегі істері қалған міндеттерін атқаруға септігін тигізеді. Себебі әлеуметтік қажеттіліктерінің өтелуі жүректі дүниелік істерден босатып, алаңсыз ғибадат етуіне жағдай жасайды». Хадистің басқа риуаятында демалысқа арналған уақыт та аталып өтілген. Байқағанымыздай, Алланың діні күнделікті уақытымызды төртке бөліп жоспарлауымызды бұйырған: ғибадат, ризық табу, өмірімізді ретке келтіру, өз-өзімізге есеп беру, демалыс.

материал «Тайм-менеджмент» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: