Күнәһарлардың ең үлкен жазасы – Алланың дидарын көрмеу.
Расында, Раббының дидары – ең ұлы нығмет. Ал, одан болса Пайғамбарымыз (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) алып келген нәрсеге иман келтірмегендер (шүкірсіздер) құр қалады. Ей, пенде! Бүгін өз тағдырың жайлы ойлан! Аллаға ықыласты болып, сенген адам – жақсы істерін көбейтіп, амалдарын тек қана Аллаға арнауы тиіс. Ал, дінге енді аяқ басып жатқан пенделер – Қасиетті Құранның мағынасына жете назар аударып, Алланың аяттарына ерекше көңіл аударуы ләзім. Барлығымыздың өміріміздегі ең маңызды және терең мәні болған ақиқатты іздеушілердің жолы осы. Ей, Алланың ғашығы! Қарапайым насихаттан ғибрат ал!
Ибраһим әт-Тәйми (Алла одан разы болсын): «Мен жәннатта жүруімді ойладым: «Жәннат жемістерін жеп, хор қыздарын құшып, ләззаттамын». Одан кейін өзімді тозақтамын деп елестеттім: «Шынжырларға кісенделген, заққұмның жемістерін жеп, қан мен ірің араласқан садид суын ішіп жатырмын». (Сол сәтімде) өз-өзімнен сұрадым: «Дәл қазір нені қалайсың?» және жауап бердім: «Дүниеге қайтқым келеді, ізгі істерді жасағым келеді...». Осы кезде (өзіме) айттым: «Мына тілегенің (дүниеге қайту) орындалды ғой, ендеше жаса (жақсылығыңды)» (Мухтасар Сифату ас-Сафуа (1/212).
материал «Жүректерді оятушы» кітабынан алынды,
ummet.kz