18
Сәрсенбі,
Наурыз

һижри

Тозақ иелері қандай азапталады?

Тозақ иелері қандай азапталады?

Ислам тарихы

Тозақ бұл – үлкен өкініш, тұла бойы қайғы-қасырет және азап. Жесе де азап, ішсе де азап...

«Оларға ащы тікеннен басқа тамақ берілмейді. Ол (тікен) не шыр бітірмейді, не тамақ болмайды». «(Жәннаттағы) бұл қонағасы жақсы ма? Болмаса (тозақтағы) Заққұм ағашы жақсы ма? Бұл – Заққұм ағашын залымдарға (ақыретте) азап үшін жараттық. Ол – нақ Жаһаннамның түбінде өсетін бір ағаш. Оның миуасы құтты шайтанның басы сияқты. Олар соны жеп қарындарын қампайтады. Содан соң оның үстіне (ірің аралас) қайнап тұрған су ішкізіледі». От иелері (тозақтықтар) бұл Заққұм бағынан жеу үшін қанша тістеген сайын, ол да өшін алғансып оларды тістей береді. «Пайғамбарлар Алладан жеңіс тіледі, қасарысқан озбырлардың барлығы зиян тартты. Оларға азапталар тозақ бар, (тозақта) іріңді (садид) сумен шөлін басады. Оны (ащылығынан) ұрттап ішіп, кеңірдектен әрең өткізеді. Шартараптан өлім қоршайды, бірақ өле алмайды. Оның артынша тағы да қатты азапқа ұшырайды».

Ол (садид) неткен азапты ішімдік. Тозақтағы адам ішейін деп ауызына құйғанда, бетін күйдіреді, терісі елжіреп сыпырылып түседі. Жұтқанда ішін өртейді, өткен жерлерін (яғни, ішкі ағзаларын) бөліп, үзіп тастайды. Бірде Абдулла ибн Омар (Алла одан разы болсын) мұздай су ішіп, одан кейін қатты жылап жібереді. Адамдардың бірі: «Сені не нәрсе жылатты?» - деді. Ол: «Алланың кітабындағы бір аяты есіме түсті: «Олар мен жан-тәндері қалаған нәрселері арасында өткел бермес бөгет қойылды». Сондықтан мен тозақтықтардың суық судан басқа ешнәрсе қаламайтынын білдім. Алла Тағала: Тозақтықтар жұмақтықтарға: «Суларыңнан біз жаққа да біраз құйып жіберіңдерші, я болмаса Алланың өздеріңе берген ризығынан біздерге де беріңдерші» -деп дауыстайды», -дейді».

материал «Жүректерді оятушы» кітабынан алынды,

ummet.kz 


Бөлісу: