18
Сәрсенбі,
Наурыз

һижри

Пайғамбардың (с.ғ.с.) рүкүғті толық қылмаған адамға ескертуі

Пайғамбардың (с.ғ.с.) рүкүғті толық қылмаған адамға ескертуі

Ислам тарихы

Әбу Хурайра (р.а.) риуаят етті:

«Пайғамбармыз (с.ғ.с.) мешітке кірді. Артынан бір кісіде мешітке кіріп, намаз оқыды. Намаздан соң Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) сәлем берді. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) сәлемін алып: «Барып қайтадан намаз оқы, өйткені сен намаз оқымадың!»,- деді. Әлгі кісі үш рет қайтадан намаз оқыды. Содан соң келіп: «Сізді хақ Пайғамбар етіп жіберген Аллаға ант етіп айтамын, бұдан артық оқи алмаймын. Маған үйретіңіз»,- деді. Сонда Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Әуелі тәкбір тахрима айт, содан соң Құраннан білгеніңді оқы, кейін асықпай рүкүғ қыл. Рүкүғта біраз демал, кейін бойыңды жақсылап тіктеп тұр, содан соң сәжде ет, біраз демал, сосын сәждеден тұрып отыр және біраз демал. Намазынының қалғанын да солай қылып оқы!»,- деп айтты».

материал «Сахих әл-Бұхаридың хадистер жинағы» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: