18
Сәрсенбі,
Наурыз

һижри

Ұйықтап тұрғаннан кейінгі дәрет мәселесі

Ұйықтап тұрғаннан кейінгі дәрет мәселесі

Ислам тарихы

Ұйықтап тұрғаннан кейінгі дәрет мәселесі. «Біраз қалғыса қажет емес»,- деп есептеушілер туралы:

Айша анамыз (р.а.) риуаят етті: «Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Егерде біреуіңді намаз оқып жатқанында ұйқы қысса, ұйқысырауы басылғанша ұйықтап алсын. Өйткені ұйқысырап намаз оқысаңдар, истиғфар айтамын деп, өздеріңді сөгіп тілдеп алуларың мүмкін»,- деп айтқан»,- деді.

Әнас (р.а.) айтты: «Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Кімде-кім намаз оқып тұрып ұйқысыраса, нені оқып жатқанын өзі білетұғын халге жеткенше жатып ұйықтап алсын!»,- деп айтқан»,- деді.

Ғамр ибн Амир (р.а.) былай деді, Әнас (р.а.) айтты: «Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) әр намазға дәрет алатын»,- деді. Мен: «Ал сендер ше?»,- деп сұрадым. Әнас (р.а.): «Егерде дәретіміз бұзылмаса, сол бір дәретпен барлық намазды оқи беретінбіз»,- деді.

Сууайд ибн ән-Нұғман (р.а.) былай деді: «Пайғамбарымызбен (с.ғ.с.) бірге сапарға шықтым. Хайбар жылы өтіп жатқан еді.Сахба (Хайбарға жақын жер) деген жерге жеткенімізде Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) имамдыққа өтіп, аср намазын оқыды. Кейін тамақ әкелуді бұйырды. Жеуге талқан берілді. Жеп-іштік. Кейін Шам намазын оқымақ болып аузын шайды. Кейін дәрет алмастан имамдыққа өтіп, шам намазын оқыды»,- деді.

материал «Сахих әл-Бұхаридың хадистер жинағы» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: