18
Сәрсенбі,
Наурыз

һижри

Имам Науауидің хизбі – Аллаға тәуекел еткендерге рухани қалқан

Имам Науауидің хизбі – Аллаға тәуекел еткендерге рухани қалқан

Ислам тарихы

Имам Науауидің хизбі – Аллаға шынайы тәуекел еткендерге рухани қалқан болып, олардың жүректеріне тыныштық пен сенімділік сыйлайтыны үшін жоғары бағаланады.

Имам Науауидің хизбі:

«Аллаһу Акбар, Аллаһу Акбар, Аллаһу Акбар» – өзіме, дініме, отбасыма, балаларым мен малмүлкіме, достарыма және олардың діндері мен мал-мүліктеріне арнаймын. Мың мың (миллион) мәрте бисмиллә! «Аллаһу Акбар, Аллаһу Акбар, Аллаһу Акбар» – өзіме, дініме, отбасыма, балаларым мен малмүлкіме, достарыма және олардың діндері мен мал-мүліктеріне арнаймын. Мың мың (миллион) рет: «Лә хаулә уә лә қууата иллә билләһи әл-Алий әл-Азим» (Құдірет пен күш тек Жоғары әрі Ұлы Аллаға тән).

Алланың есімімен (бастаймын), Алламен (біргемін), Алладан (келдім), Аллаға (қайтамын), Аллаға (сүйенемін) және Алланың (жолындамын). Құдірет пен күш тек Жоғары әрі Ұлы Аллаға тән.

Бисмиллә – дініме, өзіме, балаларыма; Бисмиллә – мал-мүлкіме, отбасыма; Бисмиллә – Раббым маған берген барлық нәрсеге; Бисмиллә – жеті аспанның Раббысына, жеті жердің Раббысына және ұлы Арштың Раббысына арналады.

«Бисмиллә, Оның ұлы есімімен жер мен көкте еш нәрсе зиян келтіре алмайды. Ол – бәрін Естуші, бәрін Білуші» (3 рет).

«Жер мен көктегі ең ізгі есім – Алланың атымен (бастаймын). Бисмилләмен бастаймын және Онымен аяқтаймын. Алла! Алла! Алла! Алла – менің Раббым, Оған еш серік қоспаймын. Алла! Алла! Алла! Алла – менің Раббым, Алладан басқа құдай жоқ. Алла – мен қорыққан және сақтанған нәрселерден әлдеқайда Ұлы, Даңқты және Үстем».

«Уа, Аллам! Өзімнің жамандығымнан, өзгелердің жамандығынан және Раббым жаратқан, бар еткен, қалыптастырған нәрселердің жамандығынан Саған сыйынамын. Уа, Алла! Солардан қорғануды Сенен сұраймын. Уа, Алла! Олардың жамандығынан Сенен пана тілеймін. Уа, Алла! Сенің атыңмен олардың жамандығының жолын бөгеуді сұраймын, олардың алдынан және өз алдымнан мына аятты алға қоямын: «Бисмилләһир-рахмәнир-рахим. Қул һуаллаһу ахад. Аллаһус-самад. Ләм йәлид уә ләм йуләд. Уә ләм йәкүлләһу куфууан ахад» (3 рет).

«Осы дұғаны дәл солай оң жағым мен олардың оң жақтарын қорғау үшін, дәл солай сол жағым мен олардың сол жақтарын қорғау үшін, дәл солай алдым мен олардың алдын қорғау үшін, дәл солай артым мен олардың артын қорғау үшін, дәл солай үстім мен олардың үстін қорғау үшін, дәл солай астым мен олардың астын қорғау үшін оқимын. Осы дұға мені де, оларды да барлық жағынан қамтып, қорғап тұрады».

Аллам, мен Сенен өзіме және оларға тек Сен ғана иелік ететін қайыр мен жақсылықтарды сұраймын. Аллам, бізді құлшылық қылушылардың қатарынан қылып, панаңа, қорғауыңа, амандығыңа, одағыңа, қорғаныңа және қамқорлығыңа ала гөр. Әрбір шайтаннан, биліктен, адам мен жыннан, залым мен қызғаншақтан, жыртқыш аңнан, жылан мен шаяннан және кез келген Сенің билігіңде тұрған жаратылыстың жамандығынан бізді сақта. Шын мәнінде, менің Раббым Тура Жолда.

материал «Хизб. Имам Науауи» кітабынан алынды,

ummet.kz 


Бөлісу: