19
Бейсенбі,
Наурыз

һижри

Ташаһуддта отырудың сүннеті

Ташаһуддта отырудың сүннеті

Ислам тарихы

Үмму Дарда намазда еркек кісі сияқты отыратын еді. Ол фиқ ілімінің білгірі болатын.

Абдулла ибн Абдулла (р.а.) риуаят етті: «Абдулла ибн Омардың (р.а.) малдас құрып ташаһудта отырғанын көрдім. Жастықпен мен де солай қылдым. Сонда Абдулла ибн Омар (р.а.) маған: «Бұндай қылма, намаздың сүннетіне қара, оң аяғын тіктеп, сол аяғын бүгіп отыру керек»,- деді. Мен: «Сіз малдас құрып отырсыз ғой!»,- дедім. Ол: «Менің аяғым жарамайды»,- деп жауап берді.

Мұхаммед ибн Амр ибн Ғата (р.а.) риуаят етті: «Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) бір топ Сахабаларымен бірге отырған едім. Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) қалай намаз оқығанын еске түсірдік. Сонда Әбу Хумайд әс-Сағдий (р.а.): «Мен Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) қалай намаз оқығанын бәріннен де артығырақ білемін. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) тәкбір тахрима айтқанында, қолдарын иық тұсына көтерді, рүкүғқа барғанда тізелерін ұстады, кейін арқасын түзуледі, рүкүғтен бас көтергенінде омыртқаларының әрбір буыны орын-орнына келгенше бойын түзуледі. Кейін білектерін жерге тигізбей және мықынына қысып алмай, аяқтарының ұшын қыблаға қаратып сәжде қылды. Екінші рәкатта оң аяғын тіктеп, сол аяғының үстіне отырды. Соңғы рәкатта болса, сол аяғын алдыға созып, оң аяғын тіктеп, тобықтарын жерге қойып отырды»,- деді.

Өйткені Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) екінші рәкаттан кейін отырмастан тұрып кеткенінде (Сахабалар таспих айтып ескерткенде) қайтып отырмады.

Зуһрий (р.а.) риуаят етті: «Маған Абдуррахман ибн Хұрмуз Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) олармен бесін намазын оқығанын айтты. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) екінші рәкаттан кейін отырмастан тұрып кетіпті, адамдар да ол кісімен бірге орындарынан тұрыпты. Намаз біткен соң адамдар Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) сәлем беруін күтіпті. Ал Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) болса, отырған бойы сәлем бермей тұрып, тәкбір айтып, екі мәрте сәһу сәждесін қылып, содан соң ғана сәлем беріпті»,- деді.

материал «Сахих әл-Бұхаридың хадистер жинағы» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: