Жәбир ибн Абдулладан (Алла әкесі екеуіне разы болсын). Ол:
«(Бірде) Пайғамбардың (с.а.с.) алдына (кіруге) рұқсат сұрағанымда, ол: «Бұл кім?» – деді. «Мен», – деп (дыбыс бердім). Сонда Пайғамбар (с.а.с.): «Мен, мен?!...» – деп айтты», – деген. Басқа бір риуаятта: «Ол мұндай (жауапты) ұнатпаған сияқты болды» (деп келген) (2155/39).
Риб'и ибн Хираш айтты: Бәну Әмір руынан келген бір кісінің бізге айтқанындай, бұл кісі Пайғамбар үйде болған кезде: «Мен ішке кірейін бе?» - деп сұрады. ол рұқсат сұрады. Алла Елшісі (с.ғ.с.) көмекшісіне: «Шық, мына кісіге рұқсат сұрауды үйрет. Әуелі Ассаламу алейкум десін, сосын кіре аламын ба деп сұрасын?», - деді. Әлгі адам Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) айтқанын естіді: Ассаламу алейкум, кіруге болады ма? айтты. Сонда Пайғамбар (с.ғ.с.) оған рұқсат беріп, ішке кіреді (Ебу Дәуіт, Адаб 127. Ахмед Ибни Ханбал, Муснад,369).
материал «Сахих әл-Бұхаридың хадистер жинағы» кітабынан алынды,
ummet.kz