19
Бейсенбі,
Наурыз

һижри

Рияның бастауы – мақтауға деген сүйіспеншілік

Рияның бастауы – мақтауға деген сүйіспеншілік

Ислам тарихы

Хасан әл-Басри (Алла одан разы болсын) айтты:

«Рияның бастауы – мақтауға деген сүйіспеншілік». Лұқман Хакім (Алла одан разы болсын) баласына былай айтқандығы риуаят етіледі: «Рия – амалдарыңның сауабын дүниеде іздеуің, ал бір халықтың амалы ақырет үшін»  - Тәфсир әл-Қуртубий (5/182).

Фудайл ибн `Иад (Алла Одан разы болсын) айтты: «Адамдар үшін амалды тастау – рия (екіжүзділік), ал адамдар үшін амал жасау – ширк. Ал ықылас – Алла сені ол екеуінен сақтауы» (Китәб әл-Кәбә-ир (1-б).

Хасан әл-Басри (Алла одан разы болсын) айтты: «...тіл мен жүректің үйлеспеуі, ішкі сыр мен сыртқы әрекеттің үйлеспеуі екіжүзділіктен болып саналады». Сәһл ибн Абдулла әт-Тустари (Алла одан разы болсын) айтты: «Нәпсі үшін ықыластан қиын ештеңе жоқ. Өйткені нәпсінің ықыласта үлесі жоқ» (Жәмиғ әл-‘улум уә әл-Хикәм (1/84)

Суфян әс-Сәури (Алла одан разы болсын) айтты: «Мен өз ниетімнен асқан ауыр іспен айналысқан жоқпын. Өйткені ол менде сәт сайын өзгеріп тұрады» (Хиляту әл-Әулия (7/62).

материал «Жүректерді оятушы» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: