Әбу Заррдан (Алла оған разы болсын):
(Бірде) Пайғамбардың (с.а.с.) сахабалары қатарындағы бір адамдар Пайғамбарға (с.а.с.): «Уа, Алланың елшісі! Байлар (көп) сауап алады. Олар біз намаз оқығандай намаз оқиды, біз ораза тұтқандай ораза тұтады әрі олар мал-дүниелерінің артығынан садақа береді», – деді. (Пайғамбар (с.а.с.)): «Расында Алла сендер үшін садақа қылатын нәрсе жасады емес пе? Шындығында, әрбір тәсбих («субханаллаһ» деп айту) – садақа, әрбір тәкбір («Аллаһу әкбар» деп айту) – садақа, әрбір тахмид («әл-хамду лилләһ» деп айту) – садақа, әрбір тәһлил («лә иләһә илләллаһ» деп айту) – садақ, жақсылыққа бұйыру – садақа, теріске шығарылғаннан қайтару – садақа, сондай-ақ біреуіңнің жыныстық қатынас жасауың да – садақа», – деді. Олар: «Уа, Алланың елшісі! Біреуіміз шақуатын қанағаттандырса, ол үшін сауап болады ма?» – деп (таңғалғанда, Пайғамбар (с.а.с.)): «Қалай ойлайсыңдар, егер ол (шақуатын) харам (жолмен) қанағаттандырса, оған күнә болады ма? Сол сияқты ол (шақуатын) халал (жолмен) қанағаттандырған жағдайда, ол үшін сауап болады», – деп айтқан (1006/53).
материал «Муслимнің сахих хадистер жинағы» кітабынан алынды,
ummet.kz