14
Жексенбі,
Желтоқсан

һижри

Күнәлар – надандықтың әмірінен

Күнәлар – надандықтың әмірінен

Ислам тарихы

Күнә қылушы адам кәпір болмайды, Алла тағалаға серік қосушы кәпір болады.

Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) күнә істеген бір адамға: «Сенде әлі де надандық бар екен», - деді. 

Алла тағала аят кәрімінде: «Алла Тағала өзіне ортақ қосылуды жарылқамайды да, бұдан өзге қалаған кісісін жарылқайды»,- деді.

Мағрур (р.а.) риуаят етті: «Рабза деген жерде Әбу Зар мен оның құлының бір түсті шапан киіп келе жатқандарын көрдім. Не үшін бір түсті киініп алғансыңдар?», - деп сұрадым. Әбу Зар айтты: «Мен бір кісіні (Біләлді) ей, қара қатынның баласы! - деп тілдедім. Сонда Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) маған: «Ей, Әбу Зар, сен оның анасының кемшілігін айтып, оны кемсітіп жатырсың. Сенде әлі надандықтың табынан бар екен!»,- деді. Және айтты: «Сендердің қызметкерлерің-өздеріңнің бауырларың. Алла Тағала оларды сендердің қолдарыңа тапсырып қойған. Кімде-кімнің қол астында өзінің бауыры болса, өзінің жегенінен жегізіп, кигенінен кидірсін. Күші жетпейтін нәрсені бұйырма, егерде бұйырсаң, оған өзін жәрдемдес!»,- деді.

материал «Муслимнің сахих хадистер жинағы» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: