14
Сенбі,
Наурыз

һижри

Құран қираатын тексеруден өткізіп алу мәселесі

Құран қираатын тексеруден өткізіп алу мәселесі

Ислам тарихы

Хасан Басри (р.а.), Суфян әс-Сафарий және Имам Мәлік (р.а.):

«Бұлай істеу - дұрыс»,- деп айтқан. Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) алдына Димам ибн Сағлаба деген сахаба келіп : «Алла Тағала сізге бес уақыт намаз оқуды бұйырды ма?»,- деп сұрады. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Иә»,- деп жауап берді. Осы сөзді Димам (р.а.) өзінің қауымына барып, Пайғамбарымыздан (с.ғ.с.) деп риуаят етті. Адамдар оны Пайғамбарымыздан (с.ғ.с.) деп қабыл етті. Кейбір кісілер өздері білетін аяттарын мұғалімдеріне оқып беріп, (емтиханнан) өткеннен соң пәленшеден Құран үйрендім, деп оған сілтеме береді (төмендегі хадис осыған дәлел).

Әнәс ибн Мәлік (р.а.) айтты: «Бір күні Пайғамбарымызбен (с.ғ.с.) бірге мешітте отырғанымызда, бір кісі түйеге мініп келді де, түйесін мешітке шөктіріп тұсады да, одан кейін: «Қайсың Мұхаммедсің (с.ғ.с.)?»,- деп сұрады. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) Сахабалардың ортасында қолына сүйеніп отырған болатын. Біз: «Ана шынтақтап жатқан ақ жүзді адам»,- деп көрсеттік. Ол Пайғамбарымызға қарап: «Сіз Муталлибтың ұлымысыз?»,- деп сұрады. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Иә»,- деп жауап берді. Сонда ол Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) қарап: «Мен сізден бірер мәселе туралы дұрысын (тура, анықтап) сұраймын, сіз ренжімессіз»,- деді. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Қалағаныңды сұрай бер»,- деді. Ол: «Сіздің және сізден бұрынғылардың Раббысымен ант етіп сұраймын, сізді Алла Тағала барша адам баласына Пайғамбар етіп жіберді ме?»,- деп сұрады. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Иә»,- деп жауап берді. Ол: «Алламен ант етіп сұраймын, бес уақыт намаз оқуымызды Алла Тағала бұйырды ма?»,- деп сұрады. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Иә»,- деп айтты. Ол: «Алламен ант етіп сұраймын, байлардан зекетті алып, кедейлерге үлестіріп беруді Алла Тағала сізге бұйырды ма?»,- деп сұрады. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Иә»,- деді. Ол: «Алла Тағаламен ант етіп сұраймын, жылына бір рет ораза тұтуды Алла Тағала бұйырды ма?»,- деп сұрады. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Иә»,- деді. Сонда ол кісі: «Мен сіз алып келген нәрселерге иман келтірдім. Мен өз қауымым жіберген өкілмін, есімім Димам ибн Сағлаба, Сағд ибн Бәкір тайпасынанмын»,- деп айтты» - деді.

материал «Сахих әл-Бұхаридың хадистер жинағы» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: