Алла Тағала айтты: «Адам баласы: «Мен өлгеннен кейін қайта тірілемін бе?» - дейді. Әуел баста өзін жоқтан бар етіп жаратқанымызды адам баласы ойламай ма?» - («Мариям» сүресі (66-67).
«Сен жердің (беті) кепкенін көресің. Біз оған жаңбыр жаудырған кезімізде оған жан кіріп, жібиді (көктей бастайды), осының өзі де Алланың (құдіретінің) дәлелдері. Жерді тірілткен Алла сөзсіз өліктерді де тірілтеді. оның барлық нәрсеге құдіреті жетеді» («Фуссилат» сүресі (39).
Пайғамбарымыздан (Алланың Оған игілігі мен сәлемі болсын) Хазіреті Әбу Һурайра (Алла Одан разы болсын) риуаят еткен хадисте: «...содан кейін Алла аспаннан су жіберіп, адамдар өсімдік өскен сияқты өседі. Адамның бір сүйегінен басқа шірімеген нәрсесі қалмайды. Ол – құйымшақ сүйегі. Қиямет күні жаратылыс сол (сүйек) арқылы (қайта) тіріледі» (Сахих әл-Бухари (4935), Сахих Муслим (2955).
материал «Жүректерді оятушы» кітабынан алынды,
ummet.kz