03
Жексенбі,
Мамыр

һижри

Жәбірейілдің (а.с) Пайғамбарға (с.ғ.с.) дем салуы

Жәбірейілдің (а.с) Пайғамбарға (с.ғ.с.) дем салуы

Ислам тарихы

Пайғамбардың (с.а.с.) әйелі Айшадан (Алла оған разы болсын):

Ол: «Алла елшісі (с.а.с.) ауырған кезде, Жәбірейіл оған дем салып: «Бисмилләһи йубрик(ә), уә мин кулли дәин йәшфик(ә), уә мин шәрри хасидин изә хасад(а), уә мин шәрри кулли зи айн(ин) (Алланың атымен, Ол сені айықтырады, сені барлық аурудан, күндеген кездегі күншілдің кесірінен және барлық (жаман) көзі бардың кесірінен емдейді», – дейтін», – деп айтқан (2185/39).

Абдул-Азиз ибн Суһайб Әбу Надрадан, (ал ол) Әбу Сағидтен (Алла оған разы болсын) (жеткізген). (Бірде) Жәбірейіл Пайғамбарға (с.а.с.) келіп: «Ей, Мұхаммед! Сен ауырдың ба?» – дейді. (Пайғамбар (с.а.с.)): «Иә», – дейді. (Сонда Жәбірейіл): «Бисмилләһи арқик(ә), мин кулли шәйин йузик(ә), мин шәрри кулли нәфсин әу айни хасид(ин), Аллаһу йәшфик(ә), бисмилләһи арқик(ә) (Алланың атымен саған дем саламын, зияны тиетін әрбір нәрседен, әрбір тірі жандының немесе күншілдің көзінің кесірінен. Алла саған шипа береді. Алланың атымен саған дем саламын)», – деп (Пайғамбарға (с.а.с.) дем салған) (2186/40). 

материал «Муслимнің сахих хадистер жинағы» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: