09
Сейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Кімде-кім жоғалған затты иемденсе, ол – адасушы

Кімде-кім жоғалған затты иемденсе, ол – адасушы

Ислам тарихы

Алла елшісінің (с.а.с.) сахабасы Зәйд ибн Халид әл-Жуһәниден (Алла оған разы болсын):

Ол: «Алла елшісінен (с.а.с.) тауып алынған алтын не күмісті (не істеу керектігі) жайлы сұрағанда, ол: «Жібін және қабын танып ал, сосын оны бір жыл бойы жарияла. Егер (иесін) таппасаң, оны пайдалана бер, (бірақ) ол сенде аманат зат болады, кейін күндердің бір күнінде іздеушісі келсе, оны қайтарып бер», – деді. Одан адасып қалған түйелер жайлы сұрағанда, ол: «Оларда не жұмысың бар, өздерінің тұяқтары, қарындары бар. Иелері тауып алғанша өздері суға барады және ағаш жапырағын жейді», – деді. Одан (адасып қалған) қой жайлы сұрағанда, ол: «Оны ал. Ол сенікі не бауырыңдікі немесе қасқырдікі», – деді», – деп айтқан (1722/5)

Зәйд ибн Халид әл-Жуһәниден (Алла оған разы болсын). Алла елшісі (с.а.с.): «Жоғалған затты иемденген адам оны жарияламаса – адасушы», – деп айтқан (1725/12).

Абдур-Рахман ибн Осман әт-Тәймиден (Алла оған разы болсын). Алла елшісі (с.а.с.) қажылық өтеушінің жоғалтып алған затын алуға тыйым салған (1724/11).

материал «Муслимнің сахих хадистер жинағы» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: