Амир (әш-Шағбиден). Ол:
«Мен Алқамадан: «Ибн Масғұд (Алла оған разы болсын) жын түнінде Алла елшісімен (с.а.с.) бірге болған ба?» – деп сұрағанымда, Алқама: «Мен де Ибн Масғұдқа сұрақ қойып: «Біреуің жын түнінде Алла елшісімен (с.а.с.) бірге болды ма?» – дедім. Ол: «Жоқ. Бірақ біз бір түні Алла елшісімен (с.а.с.) бірге болғанымызда, одан көз жазып қалдық. Сосын оны жазықтар мен шатқалдардың ішінен іздедік. (Пайғамбарды (с.а.с.) таппаған соң): «Оны жындар алып кетті немесе біреу өлтіріп кетті», – дедік. Сөйтіп, адамдар өткізген ең жаман түнді өткіздік. Таң атқанда (Пайғамбар (с.а.с.)) Хира (тауы) жақтан келді. Біз: «Уа, Алланың елшісі! Біз сенен көз жазып қалып, іздедік және сені таппаған соң, адамдар өткізген ең жаман түнді өткіздік», – дедік. (Пайғамбар (с.а.с.)): «Маған жындардың шақырушысы келіп, сонымен бірге бардым және оларға Құран оқып бердім», – деді. Сөйтіп, ол бізді апарып, бізге олардың іздерін және оттарының орындарын көрсетті», – деп айтты», – деді. Сонда (жындар Пайғамбардан (с.а.с.)) жолазық сұрапты. (Пайғамбар (с.а.с.)): «Сендер үшін қолдарыңа түскен, Алланың есімі аталған әрбір сүйектің еті бұрынғысынан да молырақ және әрбір тезек – жануарларың үшін азық», – депті. Алла елшісі (с.а.с.): «(Дәретке отырғаннан кейін) осы екеуімен тазаланбаңдар, өйткені олар – бауырларыңның азығы», – деді», – деп айтқан (450/150).
Мағннен. Ол: «Әкемнің: «Масруқтан: «Жындар Құран тыңдаған түні олар жайлы Пайғамбарға (с.а.с.) кім хабарлады?» – деп сұрағанымда, ол: «Маған сенің әкең (яғни Ибн Масғұд) (Пайғамбарға (с.а.с.)) олар жайлы ағаш хабарлағанын айтты», – деді», – деп айтқанын естідім», – деген (450/153).
материал «Муслимнің сахих хадистер жинағы» кітабынан алынды,
ummet.kz