09
Сейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Мүміннің барлық жағдайы қайырлы

Мүміннің барлық жағдайы қайырлы

Ислам тарихы

Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын):

«Мүміннің ісі қандай ғажайып, оның барлық ісі өзі үшін қайырлы. Ол нәрсе мүміннен басқаға берілмеген. Егер бір қуаныш келсе, Оған (Аллаға) шүкір қылады және ол өзіне қайырлы, ал егер бір қиыншылық келсе, оған сабырлық танытады және ол өзіне қайырлы» деген.
(Муслим риуаят еткен).  

Яғни, мұсылманның басына қуанышты жағдай келсе, ол бұл нығметтің Алладан екенін біледі де, шүкірлік айтып, құлшылығын арттырады. Қайырымды құлдар осылайша өздеріне берілгенге қосымша игілік алады: «Егер шүкір етсеңдер (берген игіліктеріме алғыс білдірсеңдер), сендерге оны міндетті түрде арттыра беремін». («Ибраһим» сүресі, 7-аяты). 

Ал егер бір қиыншылық келсе, арызданбайды, күпір сөз айтпайды, Алла туралы жақсы ойын өзгертпейді. Сабырлық танытып, сауапқа кенеледі: «...Бұл дүниеде жақсылық істегендерге жақсылық бар. Ақиқатында, сабыр етушілерге берілетін сыйлары – есепсіз...». («Зумәр» сүресі, 10-аяты).

материал «Муслимнің сахих хадистер жинағы» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: