Алла Тағала адамзатты жаратты және оған сансыз көп нығметтер сыйлады.
Ол адамдарға қандай жол бақыт пен игілікке жеткізетінін түсіндіретін пайғамбарлар жіберіп, оларға аспаннан уахи түсірді. Сөйтіп Өзінен басқа ешкімге құлшылық етпеуді, Өзі нені бұйырса, соны орындауды, Өзі неден қайтарса, содан қайтуды, жақсылық жасауға асығуды және шариғат теріске шығарған істерді орындаудан тыйылуды бұйырды. Сондай-ақ адамдар арасындағы қатынас сүйіспеншілік пен өзара көмек, туысқандық негізде болуын, әрбір адам басқаға көмек қолын созуға дайын тұруы, басқаға жақсылық істеуі керектігін, әрбір пенде әдепті, қайырымдылық пен мейірімділік, достық пейілде тек жақсы сөз сөйлеуі үшін әркімнің барлық адамзатты бақытты етуге ұмтылуын әмір етті. Осылай еткенде барлығы табысқа жетеді, ал бүкіл адамзат дүние және Ақыретте игілікке ие болады, нәтижесінде, адам жер бетіндегі құрметті орынбасарлыққа (халифалыққа) жетеді, басқаша айтқанда, ол Адам (аләйһис-сәләм) Алла Тағалаға жақын періштелерден асып түскен дәрежеге жеткен. Өйткені Алла Тағала: «Сол уақытта періштелерге: «Адамға сәжде қылыңдар» (яғни оған сәлем белгісі ретінде жерге дейін иіліңдер), – дедік. Сонда олар дереу сәжде қылды» («Бақара» сүресі, 34-аят), – деген. Бұл хадисте Пайғамбарымыз (с.а.с.) бізге дәл осындай ақыл-кеңес береді және осыған шақырады.
материал «Әл-Уафи» кітабынан алынды,
ummet.kz