Әбу Һурайрадан (Алла оған разы болсын). Ол:
«Бір кісі Алла елшісіне (с.а.с.) келіп: «Мен қиын жағдайдамын», – деді. (Пайғамбар (с.а.с.) біреуді) әйелдерінің біріне жіберді, ол: «Сені ақиқатпен жіберген (Алла) мен ант етейін, менде судан басқа ештеңе жоқ», – деді. Содан кейін басқа біріне (адам) жіберді, ол да сондай сөз айтты. Ақырында барлығы осы сияқты сөздер айтып: «Сені ақиқатпен жіберген (Алла) мен ант етейін, менде судан басқа ештеңе жоқ», – деді. Сонда (Алла елшісі (с.а.с.)): «Мына (адамды) осы түні кім қонақ етеді, Алла оған мейірім көрсетеді», – деді. Ансарлардан бір кісі орнынан тұрып: «Мен, уа, Алланың елшісі!» – деді. Сөйтіп, оны үйіне ертіп барып, әйелінен: «Сенде тамақ бар ма?» – деп (сұрады. Әйелі): «Балаларымның азығынан басқа (тамақ) жоқ», – деді. (Сонда ансарлық): «Оларды әлденемен алдандыра тұр. Қонағымыз ішке кірген кезде, шырақты өшір де, оған өзіміз де тамақтанып жатқандай кейіп көрсет. Ол ас ішуге кіріскен кезде, шыраққа барып, оны өшіріп таста», – деді. Сөйтіп, олар отырды да, қонақ тамақтанып алды. Таңертең (үй иесі) Пайғамбарға (с.а.с.) келгенде, ол: «Түнде Алла екеуіңнің қонақтарыңа жасағандарыңа сүйсінді», – деді», – деп айтқан (2054/172).
материал «Муслимнің сахих хадистер жинағы» кітабынан алынды,
ummet.kz