Әбу Дәрдәдан (Алла оған разы болсын). Ол:
«Алла елшісінің (с.а.с.): «Қарғысшылдар Қиямет күні куә да, шапағатшы да болмайды», – деп айтқанын естідім», – деген (2598/86).
Әбу Һурайрадан (Алла оған разы болсын). Ол: «(Бірде Пайғамбарға (с.а.с.)): «Уа, Алланың елшісі! Мүшріктерге қарсы дұға етсеңші», – делінгенде, ол: «Негізінде, мен қарғысшыл етіп жіберілген жоқпын. Шын мәнінде, мен мейірім ретінде жіберілдім», – деді», – деп айтқан (2599/87).
Имран ибн Хусайннан (Алла әкесі екеуіне разы болсын). Ол: «Алла елшісі (с.а.с.) сапарларының бірінде болғанда, түйеге мінген бір ансар әйел (түйесінен) ығыр болып, оны лағынеттеді. Мұны естіген Алла елшісі (с.а.с.): «Бұл (түйенің) үстіндегіні алыңдар, ал өзін босатып жіберіңдер. Өйткені ол лағынет етілген», – деді»; Имран: «Мен ол (түйенің) алдынан ешкім кесе-көлденең шықпай, адамдардың арасында жүргенін қазір де көріп тұрғандаймын», – деген (2595/80).
материал «Муслимнің сахих хадистер жинағы» кітабынан алынды,
ummet.kz