Әбу Һурайрадан (Алла оған разы болсын). Ол:
«Алла елшісі (с.а.с.): «Мұсылман үшін бауырының алдында бес (амал) міндетті: сәлемге жауап қайтару, түшкіріп («әл-хамду лилләһ» деген адамға) «йархамукаллаһ» деп дұға ету, шақыруды қабыл алу, науқастың көңілін сұрап бару және жаназаларға қатысу», – деді», – деп айтқан (2162/4).
Әбу Һурайрадан (Алла оған разы болсын). Алла елшісі (с.а.с.): «Мұсылманның (басқа) мұсылман алдындағы міндеті алтау», – деген. (Одан): «Олар қандай (міндеттер), уа, Алланың елшісі?» – деп (сұрағанда): «Жолыққанда – оған сәлем бер, шақырғанда – (шақыруын) қабыл ал, кеңес сұрағанда – кеңес бер, түшкіріп «әл-хамду лилләһ» дегенде – «йархамукаллаһ» деп дұға ет, науқастанып қалғанда – көңілін сұрап бар және қайтыс болғанда – жаназасына қатыс», – деп айтқан (2162/5).
материал «Муслимнің сахих хадистер жинағы» кітабынан алынды,
ummet.kz