Әбу Һурайрадан (Алла оған разы болсын). Алла елшісі (с.а.с.):
«Егер де мүмін Алланың алдындағы жазаны білгенінде, ешкім Оның жәннатына үміт етпес еді. Сондай-ақ кәпір Алланың алдындағы мейірімді білгенінде, ешкім Оның жәннатынан үміт үзбес еді», – деген (2755/23).
Алла пенделеріне ананың баласына (деген мейірімділігінен де) мейірімді
Омар ибн әл-Хаттабтан (Алла оған разы болсын). Ол: «(Бірде) Алла елшісінің (с.а.с.) алдына тұтқындар келді, тұтқындардың арасында(баласын) іздеп жүрген бір әйел бар еді. Ол (әйел) тұтқындардың арасынан бір нәрестені көрген кезде, оны қолына алды да, көкірегіне басып емізді. Сонда Алла елшісі (с.а.с.) бізге: «Қалай ойлайсыңдар, мына әйел баласын отқа тастайды ма?» – деп (сұрады). Біз: «Жоқ, Алламен ант етейік, оның (баласын отқа) тастамауға шамасы жетеді», – дедік. Сонда Алла елшісі (с.а.с.): «Алла пенделеріне бұл (әйелдің) баласына (деген мейірімділігінен де) мейірімді», – деп айтты», – деген (2754/22).
Ешкімді амалы құтқара алмайды
Айшадан (Алла оған разы болсын). Ол: «(Бірде) Алла елшісі (с.а.с.): «Дұрыстықты ұстаныңдар, жақын барыңдар және қуаныңдар. Ақиқатында, ешкімді амалы жаннатқа кіргізбейді», – деді. (Адамдар): «Сені де ме, уа, Алланың елшісі?» – деп (сұрағанда, Пайғамбар (с.а.с.)): «Мені де, тек егер Алла мені Өзінің мейіріміне бөлемесе. Біліңдер, Аллаға амалдардың ең ұнамдысы – аз да болса үнемі орындалатыны», – деп айтты», – дейтін (2818/78).
материал «Муслимнің сахих хадистер жинағы» кітабынан алынды,
ummet.kz