24
Сенбі,
Қаңтар

һижри

«Сендерге сүйінші! Алла Тағала сендерді кешірді»

«Сендерге сүйінші! Алла Тағала сендерді кешірді»

Ислам тарихы

Алла Расулы (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) сахабаларына былай деді:

«Сендерге сүйінші! Алла Тағала сендерді кешірді» (Ахмед б. Ханбәл, Мүснәд ІV, 124) .

Тағы бір хадисте былай баяндалады: ««Лә иләһә иллаллаһ!» - Алла алдындағы орны мен құны өте үлкен бір сөз. Кімде-кім оны ықыласпен және шынайы түрде айтса, Алла оны жәннатына кіргізеді. Кімде-кім оны сенбей тұрып, тек қана тілімен айтса, мал-жаны қорғалады, бірақ ертең Аллаға барғанда, Алла оның есебін алады» (Хейсеми, Мәжмуауз-Зәуәйд І, 26).

Әр сәт Алланы зікір етіп, өзін бақылауға алудың маңыздылығын білдіретін мына бір хадис назар аударарлық. «Алланы ұмытып, пайдасыз сөйлеспеңдер. Өйткені, Алланы естен шығарып айтылған көп әңгімелер жүректі қатайтады. Аллаһтан ең алыс адам болса, жүрегі қатты адам» - (Тирмизи, Зүһд 62) делінген.

Бұл хадистен де байқағанымыздай, Алла Расулының (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) өзі тарапынан көптеген мысалдармен дәлелденіп, ұсынылған. Осыншама құнды құлшылықтың фәйзінен алыс қалу үлкен нұқсан, немесе, лайықты түрде орындалған жағдайда қол жеткізетін ақыреттік нығметтерге қарағанда жан түкшігетін мақрұмдық. Бұл дүние тіршілігінде Раббымызды қаншалықты көп әрі қаншалықты терең сезініп еске алсақ, ертең ақыретте иләһи қауышуға соншалықты анық қол жеткізетіндігіміз хақ. Сүюші сүйгенін сүйіспеншілігіне қарай мадақтау қажеттігін сезінеді. Екінші жағынан мадақ сүйілгенге деген сүйіспеншілікті арттырады. Иманның ләззатынан нәсіп алғандар осы бағытта өскен сайын Алла Тағалаға деген ынтасына қарай зікірлері де артады. Нәпсінің құмарлығы мен рухани құмарлықтың арасында қанағаттандыру жағынан да үлкен айырмашылықтар бар. Ішіп-жеу сияқты нәпсінің тәбеті қанағаттанған сайын басылса, сөнсе, рухани тәбет арта түседі. Бұл шөлін басу үшін тұзды су ішкенге ұқсайды. Су ішкен сайын, одан бетер шөлдетеді. Мұндай адамдар барлық жағдайда және мүмкіндігінше үнемі зікір етіп көктер мен жердің жаратылуындағы нәзік хикметке шомып: «Уа, Раббым! Сен бұларды босқа және басы бос жаратқан жоқсың. Сені тәсбих етеміз (мадақтаймыз). Бізді жәһәннәм азабынан сақта!» - деп ("Әли Имран" сүресі 191-аят) тәфәккүр етіп жалбарынады.

Иман және қанағатпен өмір сүрудің, иләһи шаттыққа жетудің, сөйтіп кәміл бір иманмен Хаққа қауышудың жолы - үнемі зікір ету. Өйткені, адам қалай өмір сүрсе, солай өледі және өлген жағдайымен хашр етіледі (тірілтіледі). Хадисте де солай баяндалған: «Адамдар қиямет күні өлгендегі жағдайында тіріледі» (Мүслим, Жәннат 83).

Ешбір нәрсе адамның сезіну және тәфәккүр қалауын әлемнің Хаким және Назым (реттеуші) болған, уәжібүл вүжуд (бар болмауы мүмкін емес) Алла Тағаланың бар екендігін түсіну және оған сүйіспеншілік дәрежесіндей қанағаттандыра алмайды. Өйткені аятта баяндалғанындай: «Жүректер Алланы зікір етумен ғана шынайы тыныштыққа бөленеді» (Рағд сүресі 28-аят) Расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) сүйіспеншілік және салауат-шәриф «Шүбәсіз Алла мен періштелер Пайғамбарға көп салауат айтады. Ей, мүминдер! Сендер де оған салауат айтып, толық мойынсұнушылықпенсәлем беріңдер» (Ахзаб сүресі 56-аят).

Жаратылыс кереметі болған әлемнің мақтанышы (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) Пайғамбарымызды адамзаттық сана мен қабілеті шеңберінде толық түсінуіміз мүмкін емес. Осы әлемге тән ұғым мен білім Оны түсіну мен түсіндіруге жеткіліксіз. Бір кесеге бір мұхитты сыйғызу мүмкін еместігі сияқты Мұхаммеди Нұрды да лайықты түрде түсіну мүмкін емес. Бұл ақиқат Құран Кәрімде былай баяндалады: «Шүбәсіз, Алла мен періштелері Пайғамбарға көп салауат айтады. Ей, мүминдер! Сендер де оған салауат айтып, толық мойынсұнушылықпен сәлем беріңдер» ("Ахзаб" сүресі 56-аят).

Аят кәримадағы иләһи пәрменнің шарты бойынша, әлемнің мақтанышы Пайғамбарға салауат айту басты міндетіміз. Бұл Алла Тағаланың әмірі болып, барлық үмметтің Пайғамбарға (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) көрсетуге тиісті құрметі мен әдептіліктерден болып табылады. Алла Тағаланың сансыз періштелерімен бірге өзі «салауат» айтқан сол ұлық Пайғамбардың парасаты мен кемелдігіне жақындау - иманның қажеттілігі. Өйткені, Раббымыз аят кәримада былай бұйырады: «Ей, Расулым, оларға айт: Егер Алланы сүйетіндіктерің шын болса, маған бағыныңдар, сонда Алла да сендерді сүйіп, күнәларыңды мағфират етеді» ("Әли Имран" сүресі 31-аят). Расында мүмин Расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) сүйіспеншілік мәселесінде жүрегінде Алланың ұлылығы мен әдептілікті сезініп, рухын нәпсіге тән барлық көріністерден арылтқан кезде, Оның сүйіспеншілігінен және үлгілі тұлғасынан өнеге алу жолына түседі.

материал «Иманнан ихсанға» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: