Әус ибн Әустен жеткен хадисте Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) сахабаларына былай деді:
«Күндердің ең жақсысы – жұма: бұл күні Адам ата жаратылды, бұл күні дүниеден өтті, бұл күні Сүр үрленеді, бұл күні Сүрдің дыбысы естіледі. Бұл күні маған көбірек салауат оқыңдар. Сендердің салауаттарың менің алдымнан шығады». Сонда олар: «Сені жер жұтқанда салауаттарымыз сенің алдыңнан қалайша шығады?» – деп сұрады. Ол: «Алла жерге пайғамбарлардың денесін жұтуға тыйым салды», – деп жауап берді (Әбу Дәуд, № 1047; Ибн Мәжә, № 1085).
материал «Салауат байрағы» кітабынан алынды,
ummet.kz