05
Жексенбі,
Сәуір

һижри

Шәһәдәт кәлимасының куәлік сөзіндегі төрт негіз

Шәһәдәт кәлимасының куәлік сөзіндегі төрт негіз

Ислам тарихы

Шәһәдәт, яғни куәлік сөзі бөлек бір иләһи сырлар басқа тағы да олардан бұл бекіту және айтуды талап еткен Алла Тағаланың өзі де куәлік беруде.

Аят кәримде айтылады: «Алла осы шындықтарға куәлік береді: Ешбір тәңір жоқ тек қана Ол бар. Бүкіл періштелер және білім иелері де тұп-тура осы жөнінде куәгер: Ешбір тәңір жоқ тек қана әзиз және үстем - Ол ғана бар». («Әли Имран», 18-аят)

Шәһәдәт кәлимасы деп аталатын куәлік сөзінде төрт негіз бар:

1. Исбату затиллаһ (Алланың жалғыз өзінің бар екендігінің бекітілуі)
2. Исбату сифатиллаһ (Алланың сипаттарының бекітілуі)
3. Исбату әфғалиллаһ (Алланың істерінің бекітілуі)
4.Исбату сыдқи Расулиллаһ (берген әрбір хабарда Алланың пайғамбарының туралығының бекітілуі)

Куәлік сөзі бұл жөнімен қысқаша «Әмәнту» делінетін иманның алты шартының мөрі іспеттес. Негізінде Әмәнту сөйлемінде иманның алты шартынан кейін келіп, өзінен бұрынғы және кейінгі сөйлемдерді бекіту мағынасында айтылатын «Хаққұн/Хаққ» сөзімен басталған куәлік (Шәһәдәт) жалпылай иманның барлығын қамтиды.

Расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)  бір күні шын ықыласпен айтылған кәлима-и шәһадаттың ақыретте мүмин таразысының оң жақ басын қалай ауыр басатынын былай деп түсіндірді:

«Алла тағала Қиямет күні үмметімнің ішінен бір адамды, жиналған халықтың арасынан шығарып алып, оған қапталған тоқсан тоғыз дәптерді көрсетеді. Әр дәптердің үлкендігіне кім де болса бас шайқап таңырқай қарайды.

Алла тағала әлгі адамнан:

– Мына дәптерде жазылғандарға не айтасың? Менің жазушы періштелерім саған қиянат жасамап па? – деп сұрайды.

Құл:

– Уа, Раббым! Жоқ, әрине. Бәрі де дұрыс, – дейді.

Алла тағала одан қайта сұрайды:

– Осыларды жасағандығың рас болса маған айтар дауың бар ма?

Құл:

– Уа, Алла Тағала! Айтар дауым жоқ, – дейді. Іле барлық амалдары таразыға тартылғанда, сауаптары аз болып қалады. Бұны көргенде Жаратушы Ие:

– Бұдан тыс сенің үлкен жақсылық-сауабың да бар. Біз бүгін сені ешқандай жамандыққа ұшыратпаймыз, – дейді.

Таразыға тілдей бір қағаз салынады. Құл ол қағаз не салмақ берер дейсің деп үмітсізденіп тұрады.

Бірден дәптерлер таразының бір басына, әлгіндегі бір жапырақ қағаз болса таразының екінші басына қойылады. Таразы тартылғанда дәптерлер жеңіл тартып, қағаз ауыр басады Сөйтсе, қағазда «Әшхәду ән лә иләха илла Аллаһ уә әшхәду әнна Мұхаммадан расулаллаһ» (Алладан басқа тәңір жоқ, Мұхаммед оның құлы әрі елшісі) деген кәлимасы жазулы екен».

Негізінде, Алла тағаланың атымен не салыстырылса да онымен бәрібір тең келе алмасы анық.

материал «Ислам. Иман. Ғибадат» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: