05
Жексенбі,
Сәуір

һижри

Ислам бізге зияннан алдын-ала сақтануымызды үйретеді

Ислам бізге зияннан алдын-ала сақтануымызды үйретеді

Ислам тарихы

Ислам діні бізге зияннан алдын-ала сақтануымызды үйретеді.

Алла Тағала Құран Кәрімде былай дейді: «Әй, иман келтіргендер, өздеріңді және отбасыларыңды оттан қорғаңдар» («Тахрим» сүресі: 6).

Пайғамбарымыз да осы тұрғыда былай дейді: «Алапес ауру кісіден арыстаннан қашқандай қаш». Отбасы мүшелері зияннан алдын-ала сақтану жолдарын қарастырмаса, көптеген күрделі қиындықтарға тап болады, негізінде, қырсықты адам өзі шақырады. Алла Тағала Құран кәрімде айтады: «Бастарыңа түскен бір бәле (ақымақтық істеп) бірдемені бүлдіріп қоюларыңның салдарынан болады, сондай-ақ Алла олардың көбісін кешіруде» («Шура» сүресі: 30). «Сендердің бастарыңа (Ұхыд шайқасында) тиген ауыртпашылық оларға (Бәдір шайқасында) екі есе тиген болатын, сонда сендер: «Бұл қайдан келді?»,-дедіңдер. (Әй, пайғамбар!): «Бұған өздерің кінәлісіңдер!»-де, расында, Алла – бүкіл нәрсеге құдіретті» («Әли Ғимран» сүресі:165). «Адамдар өз қолдарымен бүлдірген нәрселерінің кесірінен құрлық пен теңізде пайда болған бұзылудың нәтижесінде істеген күнәларының кейбір кесірін бастарынан кешіріп байқасын, мүмкін олар (күнәлардан) қайтып оралар» («Рум» сүресі:41).

Алланың елшісі (алайһи ас-солату уа ас-салам) айтады: «Расында, Алланың жәннатынан мақрұм болатын үш түрлі кісі бар: әрдайым арақ ішушілер, ата-анасын тыңдамай бетімен кетушілер және отбасында арсыздықтың жайылуына риза болушылар». Ерлі-зайыптылар осы кітаптың бірінші бөлімінде баяндалған отбасы бақытына жеткізетін шарттарды қолдан келгенін сақтағаны абзал.

материал «Отбасы бақытына апаратын 30 жол» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: