Аллаға қайтып бет бұрған пенде дәл сол тәубеге түскен сәтінен бастап истиғфар тілесе болады. Оған тосқауыл жоқ. Яғни, тәубеге түсіп Құдайын таныған құлдың тоқтай тұр, ең оңтайлы сәтті күтейін деуі құпталмайды.
Лезде тәубеге келген күні, сәті, сағаты истиғфар айтып өзіне Алланың мейірімінен жарылқау тілегені жөн болар. Өйткені, ажал айтып келер қонақ емес. Кейіндеу айтамын деп жүргенде, өлім сәті келіп истиғфарсыз, тәубесіз, иман сусыз кетіп қалуы әбден мүмкін. Екінші бір мәселе, егер бір күнәға жолықпаса тәубе ретінде емес, бұрынғы тәубесін нығайту үшін немесе қылған дұғасы қабыл болуы үшін яки сауап жинап өткен күнәларына кешірім һәм иман дәрежесін көтергісі келген мұсылман белгілі бір уақытты белгілеп айтса да, айтпаса дұрыс саналады. Ләкин, абзал болып есептелетіні ерекше уақыттарда истиғфар тілегені дұрысырақ. Себебі истиғфар да зікірдұғалардың бір түріне жатады. Ол қандай сәттер делінсе, бұл – ғибадаттың ең сахих жасалынатын, нағыз дұға қабыл болатын уақыттар мен жағдайларда.
? Намаздардың (парыз, сүннет, уәжіп, нәпіл т.б) соңында аяқталғаннан кейін
? Әсіресе түнгі ғибадат мезілі (түннің үштен бір бөлігі, таһаджуд намазының уақыты)
? Жұма күні кірген мезгілден бастан аяқталғанға дейін яғни, бейсенбіден жұмаға қараған түнде
? Жамағатпен қылынған дұғаларда бірге іштей-сырттай мысалы, парыз, айт, жұма, құрбан айт, тасаттық т.б) намаздарда қылынатын дұғаларда
? Берекелі де қолайлы (таң намазы, духа, әууабин намазы кезі) алдын не кейін
?Рамазан айында, Қадір түні, Миғраж түні, Бараат түні, Рағайып түні сынды қасиетті түндерде
?Ауызашар (ифтар) мен ауызбекіту (сахарлық, сәресі) уақыттарында
? Ашура, Арафа күндерінде, егер қажылық пен умра өтеуші болса Арафат тауында
? Зул-қағда, Зул-хижжа, Мухаррам мен Ражаб атты төрт харам айда
? Жолаушылап сафар шексеңіз
? Жаңбыр, нөсер жауған кезде
? Ілім алу жолында жүрсеңіз
? Ата-ананың баласы үшін, баланың ата-анасы дүниеден өтсін, өтпесін қылғаны, ұрпақтың міндеті ата-анасының артынан кешірім тілеуі һәм ізгі амалдар орындауы
? Мұсылманның мұсылман бауырына дұға жасаған сәтінде
? Ауру, науқас, зұлымдық көрген жанның айтқан истиғфары
? Ата-анасының разылығын алған ұл-қыздың
? Ұстаздарымыздың бізге және біздің олар үшін кешірім тілеуі
? Сылтау таппастан әр жақсы амалмен шұғылданып жатқанда, аузыңызды өсек-аяннан тыйып, тіліңіз бен жүрегіңізді истиғфар айтуға үйретіңіз!
материал «Истиғфар - рахмет есігі» кітабынан алынды,
ummet.kz