07
Жексенбі,
Желтоқсан

һижри

Имам Науауи – Аллаға адал қызмет етудің үлгісі

Имам Науауи – Аллаға адал қызмет етудің үлгісі

Ислам тарихы

Имам Науауи (631–676 һ.ж.) – ислам әлеміндегі ең беделді ғұламалардың бірі, шынайы тақуалық пен білімге адалдығымен танымал болған тұлға.

Толық аты – Яхия ибн Шәрәф ән-Науауи. Ол өзінің қысқа ғана ғұмырында (45 жас) көптеген құнды еңбектер жазып, мұсылман үмбетіне өшпес мұра қалдырды. Оның ең танымал еңбектерінің бірі – «Рияд ас-Салихин» және «әлАрбағун ән-Науауия» (40 хадис жинағы) бүгінгі күнге дейін мұсылмандар арасында кең таралған.

Имам Науауидің ерекшелігі оның асқан қарапайымдылығы мен құлшылыққа берілгендігінде көрініс табады. Ол дүниелік артықшылықтардан жырақтап, бар уақытын ғылыммен айналысуға, құлшылық қылуға және мұсылмандарға пайдалы іс жасауға арнады. Сонымен қатар оның әділдігі мен батылдығы билеушілер алдында да айқын көрінді: ол ешқашан ақиқатты айтудан тайынбады.

Имам Науауи – шынайы білімнің, тақуалықтың және Аллаға адал қызмет етудің үлгісі.

Имам Науауидың хизбі: Сиқырдан, Көз тиюден, Көре алмаушылықтан, Шайтанның зиянынан, Уайым мен қайғыдан сақтаушы құрал ретінде белгілі. Имам Науауидің хизбі Аллаға шынайы тәуекел еткендерге рухани қалқан болып, олардың жүректеріне тыныштық пен сенімділік сыйлайтыны үшін жоғары бағаланады.

Имам Науауидың хизбі:

«Бисмиллә, Аллаһу Акбар, Аллаһу Акбар, Аллаһу Акбар» – өзіме, дініме, отбасыма, балаларым мен мал-мүлкіме, достарыма және олардың діндері мен мал-мүліктеріне арнаймын. Мың мәрте бисмиллә!

«Аллаһу Акбар, Аллаһу Акбар, Аллаһу Акбар» – өзіме, дініме, отбасыма, балаларым мен малмүлкіме, достарыма және олардың діндері мен мал-мүліктеріне арнаймын. Мың мың (миллион) мәрте бисмиллә! «Аллаһу Акбар, Аллаһу Акбар, Аллаһу Акбар» – өзіме, дініме, отбасыма, балаларым мен малмүлкіме, достарыма және олардың діндері мен мал-мүліктеріне арнаймын. Мың мың (миллион) рет: «Лә хаулә уә лә қууата иллә билләһи әл-Алий әл-Азим» (Құдірет пен күш тек Жоғары әрі Ұлы Аллаға тән).

Алланың есімімен (бастаймын), Алламен (біргемін), Алладан (келдім), Аллаға (қайтамын), Аллаға (сүйенемін) және Алланың (жолындамын). Құдірет пен күш тек Жоғары әрі Ұлы Аллаға тән.

Бисмиллә – дініме, өзіме, балаларыма; Бисмиллә – мал-мүлкіме, отбасыма; Бисмиллә – Раббым маған берген барлық нәрсеге; Бисмиллә – жеті аспанның Раббысына, жеті жердің Раббысына және ұлы Арштың Раббысына арналады.

«Жер мен көктегі ең ізгі есім – Алланың атымен (бастаймын). Бисмилләмен бастаймын және Онымен аяқтаймын. Алла! Алла! Алла! Алла – менің Раббым, Оған еш серік қоспаймын. Алла! Алла! Алла! Алла – менің Раббым, Алладан басқа құдай жоқ. Алла – мен қорыққан және сақтанған нәрселерден әлдеқайда Ұлы, Даңқты және Үстем».

материал «Хизб. Имам Науауи.» кітабынан алынды,

ummet.kz 

Бөлісу: