01
Жұма,
Мамыр

һижри

Хашр – адамдардың қайта тіріліп, есеп беруге жиналуы

Хашр – адамдардың қайта тіріліп, есеп беруге жиналуы

Ислам тарихы

Хашр – адамдардың қайта тіріліп есеп беру үшін махшар алаңына жиналуы.

Қасеитті аятта: «Адам өзін (бұл дүниеде дін-иманға бұйырылмастан, ақыретте болса қайта тіріліп есеп-қисап жасалғанда өзінің бостан) бос тастап қойылуын ойлап (дәме етеді ме?!)

Ол (жатырға) төгілетін ұрықтан бір (арзымайтын) бел суы емес пе еді. Сосын, қою қан болды, кейін (Алла оны) жаратып тік (адам) етті. Кейін одан еркек және
әйел жұптарды (пайда) қылды. Міне, сол (Алла) өліктерді тірілтуге құдіреті жетпей ме? (Әлбетте, Алланың бұған құдіреті жетеді)» ("Қиямет" сүресі, 36-40 аяттар).

Басқа бір сүреде иман етпегендердің қайта тірілу туралы сұрақтарына мындай жауап беріледі: «Олар: «Сүйекке және (шіріген) өліктерге айналып кеткен соң, тағы жаңадан жаралып тірілеміз бе?!» деді. Айт: «Сендер мейлі тас немесе темір болыңдар, немесе көңілдеріңде (тірі екенін елестету) өте қиын болған басқа бірер жаратылыс болыңдар, (қандай болмасын Алла сендерді тірілтеді)». Сонда олар: «Біздерді кім қайта тірілте алады?!» дейді. Сендерді алғаш Жаратқан деп айт! Сонда, олар бастарын шайқап: «Ол (күн) қашан болады?» деп (сұрайды). «Бәлкім жақында болар» деп айт!» ("Исра" сүресі, 49-51 аяттар).

материал «Аят пен хадис аясындағы иман негіздері» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: