01
Жұма,
Мамыр

һижри

Аллаға толықтай мойынсұнудың керемет көрінісі

Аллаға толықтай мойынсұнудың керемет көрінісі

Ислам тарихы

Басымызға қиындық түскенде:

«Расында, біз Аллаға тиесіліміз және Оған қайтушымыз», – деп айтамыз.

Қандай терең сөз! Аллаға толықтай мойынсұнудың керемет көрінісі. Біз Оның құлдарымыз және Оның иелігінде өмір сүреміз. Егер Ол бізге нығмет берсе, шүкір етеміз. Ал бізден алып қойса, сабыр етеміз. Егер Ол бізге бір нәрсені бұйырса, біз оны бұлжытпай орындаймыз. Ал егер бізден бас тартуды талап етсе, біз оны дереу қабылдаймыз. Алланың әмірі бәрінен жоғары. Оның разылығы барлық ризашылықтан үстем. Алланың жолында болу – нағыз өмірдің мәні.

Бұл дүние Алланың зікірімен, ал ақырет Алланы көрумен әдемі.

Өмір бірде жақын тартып, бірде алыстатады. Бірде жарық шашып, бірде қара түнекке орайды. Өмір ауыспалы: бірде қиындық пен мұң, бірде бақыт пен қуаныш алмасып тұрады. Қиындық мәңгі емес. Адамдардың жағдайы толқын секілді: бірде көтерілсе, бірде төмендейді. Жағдайың жақсарса, тәкаппарлыққа жол берме. Ал қиындықта үмітіңді үзбе.

Я, Алла! Мені берген нығметіңнің жоғалуынан, кенеттен келетін қаһарыңнан, денсаулықтың төмендеуінен және Сенің барлық наразылығыңнан сақтай гөр.

материал Нұрбол Рахматилланың «Халал сиқыр» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: