Бір күні Пайғамбарымыз (с.ғ.с) сахаба Әбу Зәррға былай дейді:
– Әбу Зәрр! Көже істесең суын көп қыл да көршілеріңді шақыр! Сыйластық сүйіспеншілікті арттырады. Сол үшін де тағы бір хадисінде:
– Өзара сыйлық алмасыңдар, сүйіспеншіліктерің артады! - деген еді Пайғамбарымыз (с.ғ.с).
Сыйлық бағасымен емес, құндылығымен өлшенеді. Көршілерді шақырып ас беру олардағы ерекше сезімді оятады. Досыңа берген кітап оның жүрегін жібітеді.
Мешітке қойып кеткен тәспіні біреу алып тартып жүрсе, саған сауап жазыла береді. Жұбайыңа алып келген гүлің оның саған деген сүйіспеншілігі мен махаббатын арттыра береді. Қиын кезде досыңа айтқан жылы сөзің оның жүрегінде өмір бойы қалып кетеді. Өзгелер жүрегіне сүйіспеншілік сыйлау үшін ақшалы болудың қажеті жоқ. Тек қана шын жүректі болсаң болғаны.
материал Аслан Орақбайдың «Компас» кітабынан алынды,
ummet.kz