07
Жексенбі,
Желтоқсан

һижри

Ашуланғанда Ібілістің сыбырына ілеспе!

Ашуланғанда Ібілістің сыбырына ілеспе!

Ислам тарихы

Пайғамбарымыз (с.ғ.с) мәдиналықтарды «Тәбук» жорығында әскер жасақтау үшін садақа жасауға үндейді.

Сахабалардан Улбә ибн Зәйд тұрып:

– Уа, Алланың Елшісі! Менің беретіндей дымым жоқ! Бірақ мен сізді куә қылып айтамын, менің көңілімді қалдырған бауырларымның бәрін кешірдім. Арада болғанды ұмыттым. Осымды садақа етейін, - дейді. Пайғамбарымыз (с.ғ.с) бұған үндемейді. Келесі күні:

– Улбә ибн Зәйд қайда? - деп сұрайды.

– Мен – мұндамын, уа, Алланың Елшісі! - деп Улбә орнынан түрегеледі.

– Алла сенің бергеніңді қабыл етті! - дейді Пайғамбарымыз (с.ғ.с) оған қарап.

Алла үшін, досыңмен, бауырыңмен арада болғанды ұмыта сал! Жақсы адам болып қаласың. Араласпай кеткен көршіңмен кішіпейіл болып, араласа бер. Ұрысып қалсаң, әйеліңе ештеңе демей-ақ қой. Адамдар ашуланғанда не айтып, не қойғанын білмей қалады. Ібілістің сыбырына ілеспе!

 

материал Аслан Орақбайдың «Компас» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: