07
Жексенбі,
Желтоқсан

һижри

«Үмметімнен серік таңдар болсам, Әбу Бәкірді (р.а) таңдар едім»

«Үмметімнен серік таңдар болсам, Әбу Бәкірді (р.а) таңдар едім»

Ислам тарихы

Әбу Сағид әл-Худри былай дейді:

«Пайғамбарымыз дүние салардан алдын көпшілік алдына шығып хұтба оқыды. Сонда:

– Алла пендесіне Өзінің құзыры мен дүние арасында таңдау берді. Пенде Оның құзырын таңдады, - деді. Сол кезде Әбу Бәкір (р.а) еңіреп жіберді. Не үшін жылағанын түсіне алмадым. Пайғамбарымыз (с.ғ.с):

– Жылама, Әбу Бәкір! Араларыңда малымен де, жанымен де маған адал болған – Әбу Бәкір. Егер үмметімнен серік таңдар болсам, Әбу Бәкірді таңдар едім.

Пайғамбарымыз (с.ғ.с) біраз өтіп дүние салды. Сонда пенде дегені Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) өзі екен. Әбу Бәкір соны білген екен». Әбу Бәкір (р.а) пайғамбар болған жоқ. Бірақ басқаларға да ұқсамайтын. Оның ешкімге ұқсамайтын өзіндік бір орны бар. Дәрежесі пайғамбарлардан сәл төменірек адамдардан сәл жоғары орында болатын. Қоныс аударғанда Пайғамбарымызбен (с.ғ.с) бірге болды. Үңгірде бірге түнеді. Өмірлік дос бола білді.

материал Аслан Орақбайдың «Компас» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: