Мал-пұлын Алла жолында сарп ететіндердің мысалы жеті бірдей масақ шығарған, әр масағында жүз дәні бар дәнек секілді. Алла қалаған пендесіне еселеп береді.
Алла – Уасиғ (өте кең, сондай жомарт), Алим (құлдарының барлық жай-күйін өте жақсы білетін шексіз ілім иесі). Бақара сүресі 261- ші аят Алла жолында шынайы бойұсынумен жұмсалған садақаның мысалы құнарлы жерге себілген дәнек секілді. Оған жаңбыр жауып, содан әдемі, берік егін шыға бастайды. Пісіп жетілген кезінде жеті масақ шығып, әр масақтан жүз дәннен береді.
Бұл мысалда адамдарға жеті жүз санын еске түсіреді. Расында бұл мына нәрсеге ишарат етеді: Алла құнарлы дерге себілген егінді өсіргендей, ізгі амалдарды да солай өсіреді. Және Алла қалағанынша көбейтеді. Дәл солай құлдарының қалағанына сауабы мен сый-сыяпатын еселелеп көбейтеді. Кейбіреуіне жеті жүз есе береді, ал кейбіріне одан да еселеп сауабын береді. Садақаның сауабы ықыластың шынайылығына қарай әр түрлі болады. Шынайы ниетпен, сау жүрек, таза нәпсі, адал табыстан лайықты орынға берілген садақаның сый-сияпаты да осыған сай арта береді. Жеті жүз сауап да көп еселелене береді. Егер Алла құлдарының қалағаны бересе, оның шегі жоқ, және сауабына сан жетпейді.
материал «Құран мысалдары» кітабынан алынды,
ummet.kz