Ол, сендерге өздеріңнен мысал келтіреді:
Сендерге Біз берген несібе де қол астарыңдағы құлдар да сендер мен тең ортақ болып, олардан өздеріңнен жасқанғандай жасқанасыңдар ма? Осылайша аяттарымызды ақыл жұмсаған елге егжей-тегжейлі баян етеміз. ("Рум" сүресі 28-ші аят)
Осы мысал арқылы Алла тағала серік қосатындардың әрекетінің желкенішті екенін баяндайды. Аятта жаратушы иеміз адамдарға өздеріне ең жақын мысалды келтірді. Оның түсіндірмесі төмендегідей. Адамдар Алланың оларға берген рызық-несібесінде мал-дүниесінде құлдарымен күңдерінің оған ортақ болуын қаламайды. Ал, негізіне келетін болсақ барлықтарың адам адамсыңдар. Сендерді Алла қалай жаратқан болса, оларды да Алла жаратқан. Алайда сендер малдарың үшін олардан қорқып, құлдарыңмен күңдеріңді ортақ қылғыларың келмейді. Қалайша құлдарыңнан қорыққан сияқты азат болған адамдардан да мал-мүліктеріңді жұмсап қояды деп қорқасыңдар. Егер сендердің күйлерің адам деген статуста сендермен пара-пар келетін құлдарды малдарыңа ортақ болғанын қаламасаңдар қалайша сендерді жаратқан, рызықтындырған жаратушы Аллаға серік қосасыңдар?!
Бұл істерің адам ақылы қабыл ете алмайтын қарамақайшылық. Дүниелеріңе ешкімнің ортақ болғанын қаламайсыңдар да, құлшылықта Аллаға оңай серік қосасыңдар?! Алла сендердің жаратушыларыңмен рызық берушілерің бола тұра.
Осындай ашық дәлелдерді, баяндарды, құжаттарды пайда алар деген үмітпен ақыл иелеріне ұсынамыз.
материал «Құран мысалдары» кітабынан алынды,
ummet.kz