"Бұл екі топтың бірі көр соқырлар мен кереңдерге ұқсаса, енді бірі көретіндер мен еститіндерге ұқсайды. Бұл екеуі тең бе?! Ендеше, ойланып, ғибрат алатын шақтарың келмеді ме?!" ("Һуд" сүресі, 24-ші аят).
Аталған екі топ кәпірлер мен мұсылмандардың хәлі бір-біріне қарамақайшы қай жағынан қарасаңда. Кәпірлердің күйі мен сипаты соқыр және керең. Негізінде олар көреді де естиді, бірақ одан еш пайда таба алмайды. Сондықтан олар осы екеуін жоғалтып алды. Ал мұсылмандарға келсек, олардың күйі мен сипаты анық көретін, қырағы еститіндер секілді. Өйткені олар Алланың жалғыз және құдіретті екендігіне нұсқайтын дәлелдерді көреді. Дұрыстықұа бағыттайтын ислам ілімдерін естиді.
Бұл мысалдың мақсаты, кәпірлерге олардың адасушылық пен надандықта екенін ескерту. Бәлкім осыдан не істеп жүргенін біліп, ескереді және ислам дініне кіреді.
Сонымен қатар бұл мысалда мұсылмандардың хақ жолда екендерін растайды. Солайша, мұсылмандардың имандарының үстіне иманы артады.
материал «Құран мысалдары» кітабынан алынды,
ummet.kz