07
Жексенбі,
Желтоқсан

һижри

Алған ілімдерін пайдаланбайтын адамның мысалы

Алған ілімдерін пайдаланбайтын адамның мысалы

Ислам тарихы

"Өздеріне Тәурат жүктеліп кейін оны игере алмағандардың мысалы; кітаптарды артқан есек тәрізді. Алланың аяттарын жасынға шығарган елдің мысалы нендей жаман. Алла залым қауымды тура жолға салмайды". ("Жұма" сүресінің 5-ші аяты)

Алла Тағала тура жолды табу үшін түсірген Тауратты түсірген яһудтардың мысалы осы аятта айтылған. Алайда олар берілген ілімнен ешпайда ала алмады. Тыйғандарынан тыйылып, бұйрықтарын орындамады. Олардың мысалдары есекке ұқсайды. Есек арқасында көптеген пайдалы ілімдерді арқалап жүруі мүмкін. Алайда олардан ешқандай пайда ала алмайды. Себебі олардың біреуінде пайдалы деп таппайды.

Осы мысалда Алла Тағала қолдарында тура жолмен ақиқатты көрсететін Таурат бола тұра одан ешқандай пайда алмаған яһудтарды арқасына қаншама пайдалы кітап көтеріп жүрсе де одан мүлдем пайда алмайтын есекке теңеуде. Екеуінің арасындағы ұқсастық орасан, зор пайда беретін дүние қолында бола тұра одан ешқандай пайда көрмеу.

Алланың аяттарын жалғанға шығаратын, одан ешқандай пайда алмаған, белгілеп қойған шекараларынан шығатын және бұйрықтарына бағынбайтын қауымның жаратушының алдында ешқандай абыройы жоқ.

Осы аятта Алла Тағала алған ілімдері ешқандай пайда бермеген қауымының мысалын келтірді. Сөгіске лайық болуының да себебі осы. Кейде біздің де қатеміз осы деп ойлаймын. Теориялық тұрғыдан көп заттан хабарымыз бар. Өкінішті зат сол күйі хабарым бар күйінде қалуы. Көп заттан хабар болып оны пракикаға асыра алмасақ өкінішімізде көп болмақ. Бұл сөз ілім алудан, ізденістен тосу емес. Бәлки алған ілімнің кейбір бөліктерінің парктикалық көрініс табуы.

материал «Құран мысалдары» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: