Жәбир ибн Абдулла (р.а.) риуаят етті:
«Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Кімде-кім азанды естіген соң, «Иләһи, осы толық шақыру мен мәңгілік намаздың иесі болған Мұхаммедтің (с.ғ.с.) дәрежесін жоғары қылып, нығметтерінді оған нәсіп ет, ол адамға өзің уәде еткен мақами махмудты (ең шарапатты орынды) бергейсің!»,- десе, қиямет күні мен оған шапағат етермін»,- деді.
Әбу Саъид әл-Худрий риуаят етті: «Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) айтты: «Азан дауысын естігенінде азаншы айтып жатқан сөздерді қайталап тұрыңыз»,- деді.
Иса ибн Талһа (р.а.) айтты: «Бір күні мен Мұғауияның (р.а.) азаншы айтып жатқан сөздерді «Әшһаду әннә Мұхаммедан Расулулла» деген жерге дейін қайталап айтып тұрғаның көрдім»,- деді.
Яхя ибн Әбу Касир (р.а.) жоғарыдағы хадиске ұқсас хадисті риуаят етіп тұрып айтты: «Кейбір бауырларымыз маған айтты, Муғауия азаншы «Хайиа ғалас-салат» дегенде, «Лә хаула уа лақууата илла билла» деп айтыпты-да: «Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) солай дегенің естігенмін»,- деді.
материал «Сахих әл-Бұхари» кітабынан алынды,
ummet.kz