11
Бейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Нағыз бағаң – Алланың құзырында кім екендігің

Нағыз бағаң – Алланың құзырында кім екендігің

Ислам тарихы

«Бәзбіреулері: «Айтпақшы, Ибраһим деген бір жас жігіттің оларға тіл тигізіп жүргенін естіген едік», – деді» ("Әнбия", 60).

Осылай Ибраһим қауымы, туыстары мен айналасындағылар үшін бар болғаны «бір жас жігіт» еді. Бірақ оның Алла құзырындағы дәрежесі жоғары-тұғын. Алла ол үшін жаратылыс заңдылықтарын өзгертіп жіберді.

Ол отқа тасталғанда, от табиғатынан тыс салқын, жанға жайлы бола қалды. Әйелі Сара қартайып, қаусап отырғанда Алланың қалауымен Ысхақты дүниеге әкелді. Перғауын Сараны иеленбекші болғанда, Алла Ибраһимнің жан дүниесі тынышталуы үшін көзіндегі пердесін ашады. Ол алда болатын барлық жайттан хабардар боп отырды.

Адамдарың сені қалай бағалайтынына назар аударма.  Нағыз бағаң – Алланың құзырында кім екендігің...

материал Қанат Байбосынұлы, Аслан Орақбаевтың «114» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: